Су тасқыны. Кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі өңірлік комиссияда қаралады

30 Сәуір 2024, 10:58
216
Бөлісу:
Су тасқыны. Кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі өңірлік комиссияда қаралады
VIDEO
Фото: скрин

Жылыойда тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі өңірлік комиссияда қаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 сәуірде Жылыойда кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталды. Оған сәйкес, мүлік иесін "су тасқыны салдарынан зардап шеккен" деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау комиссиясы құжаттар қабылдайды.

Тасқын салдарынан Жылыой ауданында 200-ге жуық бизнес субъектілері зардап шекті. Жақында кәсіпкерлер үшін Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлескен жиын өтті. Бұл жерде мәселелерді қарау, бағалау тәртібі және шығынды өтеу тәртібі басқаша жүреді. Кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі арнайы өңірлік комиссияда қаралады, - деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Еске сала кетсек, кәсіпкерлерден өтінім қабылдау

Құлсары қаласындағы №9 мектеп ғимаратында 09:00-18:00 аралығында қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы