Су тасқыны болған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

26 Сәуір 2024, 15:49
331
Бөлісу:
Су тасқыны болған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді, - деді спикер.

Ақтөбе, Атырау облыстарының барлық мектептерінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен аудандарында ағымдағы бақылау жүргізу (БЖБ мен ТЖБ) алынып тасталды. Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында шешім жекелеген жағдайларға байланысты қабылдануда.

Өзгелердің жаңалығы