Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды

15 Сәуір 2024, 01:12
383
Бөлісу:
Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды
Фото: скрин

11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттеріне 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

9,4 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,1 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 32 963 адам, 3 798 техника, оның ішінде, 764 су сору құралы, 255 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Жедел желі» телефонына 1 714 қоңырау түсті, 126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.

Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 898 жеке тұрғын үй, 1 542 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. Шамамен 3 500 тұрғын үй мен 2 078 аула аумағынан су бұрылды.

Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. мен Қызылжар ауданының елді мекендерінде халықты эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Спикер еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы