Студенттік жатақханадағы орындар қашықтан бақыланатын болады

13 Ақпан 2024, 15:18
377
Бөлісу:
Студенттік жатақханадағы орындар қашықтан бақыланатын болады
Фото: Арман Мухатов - архив

Білім және ғылым министрлігі студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оператор жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты қамтылған орындардың мониторингін мыналардан:

  • жатақханада тұратындарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері санатына жатқызуды растау бөлігінде «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінен;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жатақханада тұратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік леректер базасынан;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің тиісті жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен (құрылғыларымен) интеграцияланған, операторға тиесілі «StudDom» ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады.

Оператор «StudDom» ақпараттық жүйесінде мұндай мәліметтер болмаған жағдайда жатақханада тұратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне ішінара қоңырау шалуды жүзеге асырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі шеңберінде енгізілген студенттердің, магистранттар мен докторанттардың жатақханаларда тұруына қашықтықтан мониторинг ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.

Өнім берушілерден тұратын студенттер туралы алынған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын тексеруді білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы дерекқорлармен автоматтандырылған салыстырып тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Осылайша, жатақханалардағы нақты бос орындарға қатысты деректерді бұрмалау, «өлі жандарды» анықтау және жоқ жеке сәйкестендіру нөмірлері бойынша тәуекелдер жойылады.

Өзгелердің жаңалығы