Студенттерге суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған колледж оқытушысы суға батты

11 Маусым 2022, 14:00
1151
Бөлісу:
Студенттерге суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған колледж оқытушысы суға батты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Усолка өзенінен жүзіп өтпек болған жас ұстаз батып кетті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай 31 мамыр күні орын алған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлім етті.

- Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған, - деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

- Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді, - деді Олег Трещев.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы