Студент дене шынықтыру сабағында көз жұмды

10 Қыркүйек 2022, 14:40
1191
Бөлісу:
Студент дене шынықтыру сабағында көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлының дене шынықтыру сабағында қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйек күні орын алған. Студент дене шынықтыру сабағында кенеттен құлаған.

Оқытушы мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті. Келген жедел жәрдем бригадасы да студентті аман алып қалуға тырысты, - деп хабарлады ведомстводан.

Жан сақтау шараларына қарамастан студент көз жұмды. Басқарма студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы