Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде қозғалыс шектелді

3 Қазан 2020, 11:47
965
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде қозғалыс шектелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс ішінара жабылады.

Орташа жөндеу аясында Тұран даңғылы Қорғалжын тасжолының қиылысында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 қазанда қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы