Стамбұлдағы атыс кезінде қазақстандық жараланды

20 Сәуір 2023, 05:16
1513
Бөлісу:
Стамбұлдағы атыс кезінде қазақстандық жараланды
Фото: polisia.kz

31 жастағы жерлесіміз Бегалы ​​Тәліпов атыс салдарынан жарақат алған. Оқиға 17 сәуір күні кешкі уақытта болған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Бегалы Тәліпов Стамбұлға баласын емдетуге барған.

Бас консул Бегалыны ауруханаға өзі апарғанын хабарлады.

Кеше, 18 сәуірде Бас консулдығымызға азаматымыз қоңырау шалып, оның атыс қаруынан жарақат алғанын айтты. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден кейін оның жағдайы тұрақталды. Қазір барлығы жақсы. Оқ ату бойынша ота жасалатын болады. Алдын ала болжам бойынша, жерлесіміз жергілікті тұрғындар арасындағы атыс салдарынан кездейсоқ құрбан болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Азаматтың жанында әйелі де бар, – деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, оқ көліктен атылған. Қазақстандықтан басқа тағы екі адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы