СҚО-да анасы сабақ қарамағаны үшін қызын пышақтаған

19 Қыркүйек 2024, 09:40
1438
Бөлісу:
СҚО-да анасы сабақ қарамағаны үшін қызын пышақтаған
Фото: pixabay.com/ru

Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 11 жастағы қыздың жағдайы ауыр. 

Алдын ала мәлімет бойынша үй тапсырмаларын орындамағаны үшін 11 жастағы қызына пышақ жарақатын салған. Қазір қыз аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жағдайы ауыр, - деп жазды Зәкиева Instagram-дағы парақшасында.

Зәкиева атап өткендей, оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек комиссия құрылып, сараптама тағайындалды. Аталған оқиға СҚО бойынша өңірлік уәкілдің бақылауына алынды, - деп толықтырды ол.

СҚО-да анасы сабақ қарамағаны үшін қызын пышақтаған

Айта кетейік, оқу жылы басталғалы оқушыларға қатысты оқыс оқиғалар, кей жағдайда қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Жақында Алматыда 7-сыныптың екі оқушысы көпқабатты үйден құлап мерт болған еді.

Өзгелердің жаңалығы