Қаланың Алмалы ауданында 16 қыркүйек күні ек қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Тұрғын үй кешенінің маңындағы асфальттан оқушы қыздардың мәйіті табылған. Оқиға куәгерлері төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жеткенімен, балаларды аман алып қала алмаған.
Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.