СҚО-да азаматтарға өтемақы алу бойынша кеңес берілді

25 Сәуір 2024, 15:21
399
Бөлісу:
СҚО-да  азаматтарға  өтемақы алу бойынша кеңес берілді
Фото: Скрин

Штаб қызметкерлері жергілікті жерлерде халыққа әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар халыққа ақшалай өтемақы алу үшін құжаттар топтамасын жинауға көмектеседі. Сондай-ақ, барлық өтініш берушілер банкке бармай-ақ құжаттарды жергілікті жерлерде тапсыруы үшін Екінші деңгейдегі банктермен уағдаластыққа қол жеткізілді. Штаб мүшелері гуманитарлық көмек көрсету пункттерінің жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ өтінімдерді қалыптастыру, жеткізілген көмекті жинақтау, есепке алу және сұрыптау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 

Қазіргі уақытта 120-дан астам кездесу өткізіліп, 6 мыңнан аса азаматқа түсініктеме берілді, - деді СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Арман Бердагулов.

Өзгелердің жаңалығы