Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты

25 Сәуір 2024, 15:05
302
Бөлісу:
Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін «Қазмедиа орталығында» Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазіргі заманғы әлемдегі медиация» халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шара медиация саласында тәжірибе және білім алмасу үшін Қазақстан, Болгария және Үндістанның медиатор-сарапшыларының басын қосып отыр.

Жалпы бөлімнің ашылу салтанатында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты

Медиация – өмірдің барлық салаларында азаматтар өмірінің ажырамас бөлігі. Азаматтардың өзара бейбіт өзара іс-қимылын қамтамасыз ету процестерін жеңілдетеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде қазіргі уақытта Соттан тыс медиация институтын одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізуде. Соған орай барлық медиаторларды белсенді түрде қатысуға шақырамыз, – деді Гүлбара Сұлтанова.

Кездесу Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторларының, Сенат депутаттарының, ІІМ, Конституциялық, ювеналды және Жоғарғы сот өкілдерінің, медиаторлар бірлестіктері ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті.

Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты

Форум шеңберінде интерактивті панельдік пікірталастар, «Қазақстан – Болгария: медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында семинарлар өтті. Онда қатысушылар екі елдегі медиация тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеп, идеялар мен тәжірибе алмасты. Күн қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.

Ертең форум делегаттары Астананың Ювеналды сотының татуластыру орталығына және «Жанұя» отбасын қолдау орталығына барады. Онда форумға қатысушылар медиацияны сот практикасында және отбасыларды қолдау жүйесінде қолдану тетіктерімен танысады.

Гранттық жоба аясында ф

Қазақстан, Болгария және Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты

орумды «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» ЗТБ өткізді.

Өзгелердің жаңалығы