СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендермен кездесті

14 Сәуір 2024, 00:10
341
Бөлісу:
СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендермен кездесті
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Кеше облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов екінші мектепте қатты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заречный және Былғары кентінің, Ойқаланың, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарының тұрғындары уақытында эвакуацияланды.

Ең бастысы, бәрі аман. Өйткені адамның өмірі бірінші орында. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды, - деді өңір басшысы кездесуде.

Аймақ басшысы ереже бекітіліп, комиссиялар құрылғандығын, барлығы толық өтемақы алатынын айтты.

Бұл облыстың тарихындағы ең алапат су тасқыны. Барлығы үшін қиын сынақ. Қаламызды табиғи апаттан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Дегенмен, биыл бізге мол су келді, әлі де келіп жатыр. Су тасқынымен күресу үшін барлық шаралар жасалуда, - деді СҚО әкімі.

Оған қоса, кеше облыс орталығы сусыз қалған болатын. Өңір басшысы мұздың қатты жылжуы салдарынан бірінші көтергіш сорғы станциясындағы төрт қуат желісі жойылғанын атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасуда. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қосымша сумен қамту желісі іске қосылды. Үйлердегі судың қысымы бірте-бірте көтерілуде. Қаладағы су жүйесі қалпына келуде.

Өзгелердің жаңалығы