Спортшыларымыз тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

27 Қыркүйек 2023, 19:05
577
Бөлісу:
Спортшыларымыз тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш рет оқушылар арасында әлем чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 17 мемлекетінен келген 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Спортшыларымыз тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Жарыс қорытындысы бойынша Астаналық спортшы Әділет Бекмахан 17 жастағы ұлдар арасында чемпиона атанса, Ақжібек Манарбекқызы 3-орын иегері атанды.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Әлем елдерінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Спортшыларымыздың жеңісі біздің де жеңісіміз. Олардың жарысқа дайындығын жаттықтырушылар өзіміз жіті қадағаладық. Бұл жарыс әлемдік деңгейде тұңғыш рет оқушылар арасында өткен болатын. Біздің спортшыларымыз да Қазақстан бойынша алғашқы жеңімпаздардың қатарында. Алдағы уақытта бұдан да жақсы көрсеткішке жету үшін бар күшімізді саламыз, - деді Астана қаласының аға жаттықтырушысы Нұржан Конарбаев.

Спортшыларымыз тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Өзгелердің жаңалығы