СOVID-19: Түркістан облысы неге үнемі «жасыл» аймақта?

10 Қыркүйек 2021, 18:28
3151
Бөлісу:
СOVID-19: Түркістан облысы неге үнемі «жасыл» аймақта?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жауап берді.

Бұл облыстың үнемі «жасыл» аймақта екендігі көпшілікті қызықтырса керек.

Түркістан облысы 15 тамыздан бастап «жасыл» аймақта екені белгілі. Біріншіден, бізде вакцинациямен қамту деңгейі өте жоғары. Екіншіден, ешкім ештеңе жасырып отырған жоқ. Комиссия келіп тексергенде де ешқандай деректің жасырын еместігі дәлелденді. Бізде халық тығыз қоныстанған, ауылдық жерлерде де адамдар көп тұрады. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайды облыс басшылығы тікелей бақылауда ұстап отырады, - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, індеттің өршімеуіне бас санитар дәрігердің қаулыларын орындау да әсер ететін көрінеді.

Санитарлық нормаларды сақтау, бас санитар дәрігердің қаулыларын орындау маңызды. Облыс әкімі бәрін бақылауда ұстап отыр. Апта сайын штаб кеңесін өткізеді. Әр жиында эпидахуал туралы баяндаймыз. Мобильді топтардың жұмысы да тікелей бақылауда. Халық жауапкершілікті түсініп отыр. Әркім өзінен бастап, санитарлық нормаларды, вакцина алу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, - деп атап өтті Марат Пашимов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 13 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.


 


 

 

Өзгелердің жаңалығы