СOVID-19: Түркістан облысында 13 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан

10 Қыркүйек 2021, 18:10
12410
Бөлісу:
СOVID-19: Түркістан облысында 13 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты. Жалпы пандемия басталғалы облыста 13 420 адам індет жұқтырғаны туралы дерек тіркелген.

Олардың 12 515-і жазылып шығып, 70 адам қайтыс болған.

Облыс бойынша 2600 инфекциялық, 300 карантиндік және 320 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 27,6%. 718 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 151-і – КВИ, 567-і – пневмония. Карантиндік төсек-орынның жүктемесі 29 адаммен 10%-ды құрап отыр. Реанимациялық төсек-орындар санының жүктемесі – 18,7%, 60 адамға тең, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалға қарай инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар көрінеді. Вакцинациялау да қарқынды жүргізіліп жатыр.

Облысқа ақпан айынан бастап жалпы 816 645 доза вакцина жеткізілді. Атап айтар болсақ, І компонент - 816 645, ІІ компонент -663 275. Жалпы 141 егу пункттерінде І компонентпен – 790 807 (96,8%), ІІ компонентпен 629 102 (94,8%) адам қамтылды, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы