Сотталғандар мен қамауда отырғандарды қарау азаматтық ауруханаларға қашан беріледі?

22 Қаңтар 2022, 17:24
1697
Бөлісу:
Сотталғандар мен қамауда отырғандарды қарау азаматтық ауруханаларға қашан беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

ҚАЖ мекемелеріне жеткізілген адамдардың барлығы міндетті түрде медициналық қараудан өтеді. Қажет болған жағдайда оларға тиісті емдеу тағайындалады. Сонымен қатар стационарлық емдеу қажет болғанда, олар азаматтық ауруханаларға жіберіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сотталғандар мен қамауда отырғандар медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңмен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі. Тиісті заң қабылданды, - деді ол. 

Аюбаев медициналық қамтамасыз ету биылғы шілдеден бастап 16 тергеу изоляторында, 2023 жылдың қаңтарынан бастап қалған 14 мекемеге беріледі. 

Азаматтық ауруханаларда оларға заманауи зерттеу және диагностика өткізіледі. Енді медицина қызметкерлері мекеме әкімшілігіне бағынбайды. Бұл тыйым салынған әрекеттерге жол бермейді, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы