Сот Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы ұзартты

9 Маусым 2021, 10:36
1453
Бөлісу:
Сот Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрін үйқамақта ұстау мәселесі қаралды. 

Прокурор Төлеген Жарасбаев үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартуды сұрады. Оның айтуынша, тергеу амалдарын аяқтау үшін әлі де уақыт қажет.

Жарасбаев сондай-ақ Біртановты үйден шығармауды және отбасы мүшелерінен өзге адамдармен қарым-қатынас жасауына, телефонмен сөйлесуіне тыйым салуды сұрады. Оның ойынша, Біртанов үйқамақ шартын бұзған көрінеді.

Экс-министрдің адвокаты өтінішті қанағаттандырмауды және Елжан Біртановтың бұлтартпау шарасының күшін жоюды сұрады.

Бүгін, 9 маусым күні сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 9 айға дейін созуға шешім шығарды, яғни 14 маусымға дейінгі мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғандығы туралы хабарлаған болатын. Экс-министрге бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтірілген еді.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол өзі пневмонияның асқынуына және емдеу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жазған.

Бұған дейін судья Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын бірнеше рет ұзартқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы