Spirit Airlines әуе компаниясы өз жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. 2026 жылғы 2 мамырдан бастап тасымалдаушы қызметін шұғыл түрде тоқтатып, барлық рейстерін отмена жасап, қолдау қызметін жапты және жолаушыларға әуежайларға келмеуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компания банкроттықтың екінші кезеңінде болған және Иран төңірегіндегі қақтығысқа байланысты жанармай бағасының күрт өсуіне дейін-ақ қаржылық қиындықтарға тап болған. Дональд Трамп әкімшілігімен мемлекеттік қолдау туралы келіссөз жүргізу әрекеті сәтсіз аяқталған: кредиторлар ұсынылған жоспарды қабылдамаған, - деп жазады CNN.
Spirit соңғы 25 жылда қаржылық қиындықтарға байланысты қызметін тоқтатқан АҚШ-тағы алғашқы ірі әуе компаниясы болды. Жолаушыларға карта арқылы төленген қаражат қайтарылатыны айтылғанымен, басқа рейстерге қайта брондау қарастырылмаған. Агенттіктер арқылы алынған билеттерді солар арқылы қайтару қажет. Ваучерлер мен бонустардың өтелуі банкроттық рәсімі аясында шешіледі.
Шамамен 17 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Рейстердің тоқтауы күн сайын 60 мыңға дейін жолаушыға әсер етіп, АҚШ-та әуе билеттерінің қымбаттауына әкелуі ықтимал.
Spirit ультрабюджеттік модельдің алғашқы үлгілерінің бірі болды: төмен тарифтер, бірақ қызметтер үшін қосымша төлемдер қарастырылған. Компанияның нарықтан кетуі ірі әуе тасымалдаушылардың позициясын күшейтуі мүмкін, өйткені олар қазірдің өзінде нарықтың басым бөлігін бақылап отыр.