Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Соңғы 100 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

2 Шілде 2025, 09:48
12918
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Испания астанасы Барселонада соңғы 100 жылда болмаған ең ыстық күн тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді.

Жыл бойынша ең ыстық күн 30 маусым күні болған. Сынап бағанасы +37,9 градусты көрсетті.

Испанияның Барселона қаласының шығыс бөлігі үшін бұл ғасырда болға ең ыстық күн ретінде тіркелді.

Испандық метеорологиялық институт (AEMET) температуралық жазбалар басталған 1914 жылдан Барселонадағы ең ыстық маусым ретінде атап өтті.

Биылғы маусым айының орташа температурасы 26 градусты құрады. Ал бұған дейін маусымдағы ең ыстық күн 2003 жылы 25,6 градусқа жеткен, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Еуропаның көптеген қаласы ыстықтың әсерінен зардап шегеді. Италия, Германия, Бельгия мен Францияда аптап ыстыққа қарсы түрлі шаралар қолға алынады.

Өзгелердің жаңалығы