Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сомалиде қарулы адамдар 130-дан астам жолаушыны кепілге алды

13 Мамыр 2025, 05:36
550
Бөлісу:
 ТАСС/Farah Abdi Warsameh
Фото: ТАСС/Farah Abdi Warsameh

Сомалиде белгісіз қарулы топтар жеті жолаушылар көлігін басып алып, кем дегенде 130 адамды кепілге алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Shabelle телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Оқиға Могадишодан Галкайо қаласына бет алған автобустар жолында орын алған. Ұрланған көліктерде әйелдер, балалар, қарттар мен науқастар болған. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, жолаушылар Нұр-Дугле ауданына жеткізілген.

Жергілікті билік бұл әрекетті қарулы топтардың аймақтық үкіметке қарсы шабуылы болуы мүмкін деп болжайды. Қазіргі уақытта кепілге алынғандарды босату үшін арнайы операцияға дайындық жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 11 наурызда Пәкістанның Белуджистан провинциясында лаңкестер пойызды басып алып, бірнеше жолаушыны кепілге алған еді. Reuters агенттігі 50 адамның қаза тапқанын хабарлады. Артынша 12 наурызда операция барысында кепілдегі жолаушылардың көбі босатылды, бірақ 28 сарбаз оқиға кезінде көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы