Солтүстік Қазақстанда аумағы 600 ш.м. болатын ірі өрт сөндірілді

18 Ақпан 2024, 08:32
409
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда аумағы 600 ш.м. болатын ірі өрт сөндірілді
Фото: скрин

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясының ангарында ірі өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 04.36-да 101 телефонына өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Үшінші шақыру нөмірі жарияланды, - деп жазды ТЖМ.

Өртті сөндіруге ТЖД 46 жеке құрамы мен 14 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 5 көлік эвакуацияланды.

Өрт сағат 06:01-де оқшауланды. 06.53-те аумағы 600 ш.м. болатын ірі өрт толық сөндірілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы