Солтүстік Қазақстанда 4,5 мың жұмыс орыны құрылады - Атамқұлов

30 Наурыз 2021, 10:36
1593
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 4,5 мың жұмыс орыны құрылады - Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің өнеркәсіп саласында 4 500 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 376 млрд 500 млн теңгеге өңдеуші салада 20 жобаны іске қосу жоспарда бар. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырсында айтты.

Министр Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде министрлік жетекшілік ететін 36 шараны іске асыруға жұмылдырылғанын айта келе, жоспарланған жобалар бойынша баяндап берді.

Өнеркәсіп саласында 4 500 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 376 млрд 500 млн теңгеге өңдеуші салада 20 жобаны іске қосу жоспарда бар. Осы жылдың өзінде шамамен 1 мың жұмыс орнын құрумен инвестиция көлемі 28 млрд 9 млн теңге болатын 8 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, - деді ол. 

Бейбіт Атамқұлов сонымен қатар өңірде мамандану ісі жақсы жолға қойлып жатқанын жеткізді. 

Іске асырылып жатқан жобалар есебінен ағаш өңдеу, фармацевтика, қағаз, жиһаз саласының дамуына серпін берілді. Өңірде ломинатталған фанера мен шпон өндіру бойынша жобалар іске қосылды. Биыл ағаш, жоңқа плиталарын шығару жобасы енгізіледі. Қағаз және картон өндіру жобасы жүзеге асырылуда, - деді министр. 

Сондай-ақ ол өңірде изотермиялық вагондар шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын айтты. Онда жылына шығарылатын вагондар саны биыл 300-ден 1 400-ге дейін артпақ. Өнімнің басым бөлігі Ресей мен ТМД елдеріне экспортталады.

Өзгелердің жаңалығы