Смайылов меморгандардың баспасөз қызметіне жаңа форматқа көшу қажеттігін айтты

28 Маусым 2022, 11:15
1170
Бөлісу:
Смайылов меморгандардың баспасөз қызметіне жаңа форматқа көшу қажеттігін айтты
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, баспасөзбен бірлесе жұмыс жүргізуге нақты қадамдар жасау керек. 

Барлық орталық және жергілікті атқарушы органға ведомстволардың салалық қызметіне маманданған спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырамын. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарына анықтамалық материалдарды уақытылы ұсыну керек. Тек сонда ғана қоғам қарапайым халыққа арналған игі істердің қалай жасалып жатқанын көре алады, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ ол мемлекеттік органдардың ресми өкілдері мен баспасөз қызметіне ресми хабарларды ұсынудың жаңа форматына көшу қажеттігін айтты. 

Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек деп санаймын. Кәсіби «құрғақ» тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды. Брифингтер мен сайттардан басқа мемлекеттік органның қызметін әлеуметтік желілерде белсенді жариялап, халықтың сұрақтарына тұрақты түрде жауап беру қажет. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы бағытта барлық мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, оған тұрақты мониторинг жүргізіп отыруы және қолдау көрсетуі тиіс, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы