Смайылов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

28 Маусым 2022, 10:56
1348
Бөлісу:
Смайылов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бүгін біз маңызды кәсіби мерекелердің бірі - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін атап өтудеміз.Осы өте күрделі әрі қызықты салада еңбек етіп, эфирге шығып, сюжеттер дайындап, сұхбат пен жаңалықтар жазып жүргендердің барлығын шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Күнделікті қажырлы еңбектеріңізбен сіздер бұқаралық аудиторияға шынайы ақпарат жеткізесіздер, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдар туралы айтып, сыни пікір білдіре отырып, қоғамның дамуына және күрделі мәселелердің шешімін табуға көмектесесіздер. Біз сіздердің әрбір сұрауларыңыздың артында адамдардың өмірі мен денсаулығына қамқорлық бар екенін түсіне отырып, сіздердің денсаулық сақтау мәселелеріне деген ерекше назарларыңызды бағалаймыз, – деді Премьер-министр.

Мереке күні барлық БАҚ өкілдеріне, біздің журналистерге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тіледі. 

Барлық БАҚ өкілдеріне, біздің журналистерге, ең алдымен, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс, лайықты қаламақы, денсаулық пен амандық тілеймін! 
Биылғы жылы денсаулық сақтауды қолдау ретінде біз денсаулық сақтау саласын насихаттаумен айналысатын ең белсенді журналистеріміз үшін бірнеше ынталандыру сыйлықтарын тағайындадық. Ол жыл соңына дейін қолдану мүмкіндігі бар еліміздің санаторлық-курорттық мекемелеріне 30-ға жуық жолдама. Біз сондай-ақ өз тарапымыздан сіздердің жарияланымдарыңыз үшін қызықты кейіпкерлерді табуға, қоғам үшін өзекті тақырыптарды ашуға барынша көмектесуге тырысамыз. Азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ұлт денсаулығының көрсеткіштерін жақсартып, бірге жаңа Қазақстанды құра аламыз деп үміттенеміз, – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы