Словения эпидемия режимін екі айға созды

14 Қаңтар 2021, 16:50
1300
Бөлісу:
Словения эпидемия режимін екі айға созды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде 143 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың 3070-і аурудың асқынуынан қайтыс болды.

Словения үкіметі елдегі эпидемия режимін 17 наурызға дейін ұзартты. Бұл туралы республиканың министрлер кабинетінің 13 қаңтарда үкімет сайтында жарияланған қорытынды мәлімдемесінде айтылған.

Коронавирустық инфекцияның халық арасында тез таралуына байланысты, оның деңгейі қалыптыдан едәуір асып түсті. Бүгінгі отырыста Үкімет эпидемия режимін 60 күнге ұзартты, - делінген қаулыда.

Құжат 17 қаңтарда күшіне енеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Словенияда СOVID-19 жұқтырған науқас 143 679  тіркелген. Оның 116 745-і сауығып шықса, 3070-і пациент қаза болған.

Еске сала кетейік, эпидемия режимі Словенияда 19 қазаннан енгізілген. Сол уақыттан бастап республикада қоғамдық іс-шараларға тыйым салынған. Ел өңірлері арасында қатынауға және шетелге шығуға дәлелді себептер бойынша ғана рұқсат етілген. Ал жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін коменданттық сағат жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы