СҚО-да 6 блок-бекет қойылды

13 Қазан 2020, 11:25
1597
Бөлісу:
СҚО-да 6 блок-бекет қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралмауы үшін қойылған алты блок-бекетте СКО полицейлері кезекшілік етуде. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Екі аудан орталығындағы алты блок-бекетте солтүстікқазақстандық полиция кезекшілікте тұр. 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау мамандары, медицина қызметкерлері және әкімдіктердің өкілдері тәртіп сақшыларымен бірлесе қауіпті індеттің таралуына жол бермеу бойынша қызмет атқаруда. 

Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында 9 қазаннан бастап блок-бекет қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден 4 блок-бекет бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында 2 блок-бекет жұмыс істейді. Олар 12 қазан күні сағат 00:00-ден жұмысын бастады. 

Сонымен қатар полицейлер Есіл ауданының әкімшілік орталығы – Явленка селосын патрульдеуді күшейтті. Полицейлер ауыл тұрғындарына карантиндік шаралар: бетперделерді дұрыс тағу мен арақашықтықты сақтау туралы ескерте отыра, көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалауда.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, шілде айының ортасынан бастап облыс бойынша ҚР ӘҚБтК «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу» 425-бабы бойынша 1547 бұзушылық анықталған. Петропавл қаласы аумағында осы бапты бұзудың 745 фактісі тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы