Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"СК-Фармация", МӘМС: Депутат кімдердің қамауға алынатынын айтты

2 Шілде 2025, 11:56
1295
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жуырда елдегі фармацевтика саласында ауқымды тексеріс басталады.

Кеше мен "СК-Фармация" ЖШС-нің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, Бірыңғай дистрибьютордың және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың қызметіне қатысты Бас прокуратураға өтініш тапсырдым. Журналистер мен қоғамға берген уәдем бойынша, Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысында мемлекетке айтарлықтай залал келтірген заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін, мен Бас прокуратураға төрт өтініш жолдау туралы шешім қабылдадым, - деді депутат.

Өтініш төмендегі мәселелерді қамтыған:

"СК-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық индустрия субъектілерінің қызметіне қатысты;

ӘМСҚ (МӘМС) және медициналық ұйымдарға қатысты;

Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларға қатысты;

2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Үкімет есебі бойынша бірқатар министрліктерге қатысты.

"СК-Фармация", МӘМС: Депутат кімдердің қамауға алынатынын айтты

Депутаттың Бас прокуратураға жолдаған алғашқы өтініші "СК-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріне қатысты жолданған.

Менің өтінішімді әріптесім Мұрат Әбенов қолдап, бірге қол қойды. Біз прокуратура органдары тарапынан фармацевтикалық салаға ауқымды тексеріс жүргізіледі, құқық қорғау органдары тарапынан сотқа дейінгі тергеулер, сондай-ақ қамауға алу және сот процестері болады деп күтеміз, - деді Бақытжан Базарбек.

Өзгелердің жаңалығы