Сиыр етін субсидиялау алынып тасталуы мүмкін

28 Қыркүйек 2022, 13:20
1401
Бөлісу:
Сиыр етін субсидиялау алынып тасталуы мүмкін

Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты мәселелерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Асыл тұқымды аналық малды сатып алу бойынша отандық және импорттық жануарлар үшін сүтті мал бойынша 300 мың теңге деңгейінде, етті мал бойынша – 1 басқа 200 мың теңге бірыңғай нормативтер белгілеу және сол арқылы асыл тұқымдық репродукторларға бәсекелестік үшін тең жағдай жасау ұсынылады – деді министр Жолдауды жүзеге асыру бойынша өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда жұмыртқаға төленетін субсидия өзгермейді.

Жұмыртқа құс шаруашылығы бойынша норматив барлығы үшін бірдей болады және ет шаруашылығы бойынша – 1 кг үшін бірыңғай нормативтер орнатылады, алайда ет құс шаруашылығын ынталандыру үшін сүт саласында жасалғандай, жергілікті бюджет есебінен 25%-дан 50%-ға дейін инвестициялық субсидиялау нормативтері қарастырылады – деді Ербол Қарашөкеев.

Ол қос субсидиялауды болдырмау үшін сиыр етін өңдеу кәсіпорындары үшін сиыр етін дайындау құнын субсидиялауды алып тастау ұсынылғанын атап өтті (175 теңге).

Бұқашықтар мен қошқарларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы