Все новости за 5 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Бүгін, 5 желтоқсанда сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына жаңа басшы сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза тапты. Жол апаты Рақымжан Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең бірқатар өңірде боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Қазақстанның бірнеше өңірінде 6 желтоқсанда қолайсыз ауа райы сақталады: кей облыста қар мен жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болжанса, ал кейбір аймақта желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен ұстаздарға мемлекеттік сыйақы тағайындалады
Қазақстанда дарынды оқушыларды және олардың жетекшілерін қолдау мен ынталандыру механизмдері заңнамалық деңгейде бекітілді,
деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылдан бастап мектептерде бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлерде және балаларға арналған басқа да ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Басты мақсат - әр бала үшін қауіпсіз, сау және жайлы орта, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысының шаруалары 2026 жылы су тапшылығына тап болуы мүмкін
Жамбыл облысы әкімдігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарбаз кредиті бойынша төлемді кейінге қалдыра алады: Не істеу керек?
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы жекеменшік мектептерге 19 млрд теңге бөлінген
Қаржы министрлігінің OrtaBilim жаңа ақпарат сервисі жеті өңірдегі жекеменшік мектептердің алдындағы қарызды өтеуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жыл волонтері" мен "Игі істер марафонының" 70 лауреаты марапатталды
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң негізінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Соңғы жылдары Каспий теңізінің су деңгейінің төмендегені белгілі.
-
Қауіпті көліктер: ЖИ жалған техбайқау мәселесін ауыздықтай ала ма?
Қазақстанда жалған техбайқау тақырыбы қаншалықты өзекті және жасанды интеллект оның шешілуіне көмектесе ала ма? BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
-
Қағаздан цифрлық жүйеге: Жер қойнауын пайдалану платформасы іске қосылды
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жұмыс істей бастады. Бұл – жер қойнауын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін, саланы ашық әрі инвесторлар үшін тартымды ететін цифрлық жүйе.
-
Ақордада төселетін кілемдер Шымкенттен шығады: 500 адамды жұмыспен қамтитын отандық өндіріс
Шымкент қаласындағы “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында орналасқан “Bal Textile” кілем фабрикасы – еліміздегі толық цикл бойынша жұмыс істейтін бірегей кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын директоры, Шымкент қаласы “Атамекен” өңірлік кеңесінің мүшесі Талғат Ысқақов Президентпен кездесу кезінде фабриканың жұмысы, өндіріс көлемі, өнім сапасы және мемлекеттің кәсіпкерлікке көрсетіп отырған қолдауы туралы кеңінен баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды
Үлкен ауылында Қазақстанның екінші атом электр стансасының құрылыс алаңын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды
Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 188 млрд теңгеге банкрот деп танылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылдың басты түсі анықталды
Pantone институты «Cloud Dancer» атты ақ реңкті 2026 жылдың түсі деп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтаудың көшелеріне 19 мың шаршы метр асфальт төселді
2025 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 9772 шаршы метр автомобиль жолдарындағы жолақтар суық пластикпен және 1500 шаршы метр жол таңбасы термопластикпен жаңартылды. Бұл туралы шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Экономист Бауыржан Ысқақ ақша айырбастау пунктеріндегі доллар тапшылығының негізгі себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жағдай, ең алдымен, нарықтағы ұсыныстың азаюымен байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
G20-ның беделі төмендеді: геосаяси текетірес саммитке қалай әсер етті
Оңтүстік Африка Республикасында өткен G20 саммитіне Владимир Путин, Дональд Трамп және Си Цзиньпиннің қатыспауы бұл форматтың қазіргі геосаяси жағдайда қаншалықты өзекті екеніне қатысты сұрақтарды күшейтті. Әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысы тереңдеп, көпжақты дипломатияның маңызы әлсіреп тұрған тұста G20 бұрынғыдай ықпалды алаң бола алмай отыр. BAQ.KZ тілшісі G20 саммитінің рөлі мен ықпалы туралы халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Таир Нигмановтан сұрап көрді.
-
Салық төлемегендердің шоты қандай жағдайда бұғатталады
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, салық қарызын өндіруде енді дифференциалды тәсіл қолданылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа ереже: Енді декларацияны ұмытып кетсеңіз, айыппұл салмайды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде салық есептілігін жеңілдету бойынша қабылданған өзгерістерді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Петропавлда интернет кабелін тартқан екі жұмысшы биіктен құлап, біреуі қаза тапты
Петропавлда инженерлік жұмыстар кезінде қайғылы жағдай болды. 5 желтоқсан күні таңертең интернет-кабель тарту барысында екі маман биіктіктен құлап, ауыр зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерін мұқият саралауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығы лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Негізгі мәселенің бәрі жеке бақылауымда – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайғанын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айырбастау пункттерінде доллар сатылмай жатыр – экономист жағдайды түсіндірді
Тұрғындар кейбір айырбастау пункттері доллар сатудан бас тартқанына шағымданды. Экономист Арман Бейсембаев BAQ.KZ тілшісіне мұндай жағдайдың неден болып жатқанын және алаңдауға себеп бар ма екенін түсіндірді.
-
Жасанды интеллект: Қазақстан колледждерінде жаңа мамандықтар пайда болады
Жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізу – көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан келесі жылы мамандықтар мен біліктіліктердің ресми тізбесінде айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Асет Мұханбетовтен сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 млрд доллардан аспақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығы лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Қазақстанда ауа райы күрт суытады: жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. 8 желтоқсанда солтүстікте 10-15 градус аяз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтыс болған донордың арқасында төрт адам жаңа өмірге қадам басты
Алматыдағы №4 клиникалық ауруханада мультиорганды донорлық операция сәтті өтіп, қайтыс болған донордың жүрек, бауыр және екі бүйрегі төрт адамның өмірін құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1,3 трлн теңге актив қайтарылды: Бас прокурор еліміздегі реформалар жайлы
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов прокуратура органдарының жаңа форматтағы жұмысы, азаматтардың құқықтарын қорғау, инвесторларды қолдау және заңсыз активтерді қайтару жөнінде ЕGEMEN QAZAQSTAN газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық саперлер Голан жоталарында мыңнан астам жарылғыш затты жойды
БҰҰ миссиясы құрамында қызмет ететін бөлінуді бақылау жөніндегі Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы аумақты қауіпті заттардан тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Доллар арзандап, теңге нығайды: экономистер өзгерістердің себебін түсіндірді
Қазан айынан бері теңгенің айырбастау бағамы бір доллар үшін 499-500 теңге деңгейге дейін тұрақты түрде нығайып келеді. Мысалы бүгін доллар курсы 499,65 теңгеге тұрақталды.
-
Жетісуда миллион теңгеден асатын айыппұлы бар "рекордшы" жүргізуші ұсталды
Жетісуда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Айыппұл қарызы 1 млн 57 мың теңгеден асып, көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Қыз өзі кінәлі”, “Маған қатысы жоқ”: Зорлық құрбаны болған заңгермен сұқбат
Заңгер Ләззат Рақышева бірнеше жылдан бері зорлық-зомбылық құрбаны болған балалар мен әйелдерге қолдау көрсетіп келе жатыр. Маман BAQ.KZ тілшісіне берген сұқбатында қандай ауыр кейстермен жұмыс істегенін әңгімелеп берді.
-
Әбдірашит Бәкірұлы: Жазушылар "Абай жолына" дейінгі білім баспалдағын қолға алуы керек
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы қазақ тарихи романдарының түп негізі. Белгілі философ Әбдірашит Бәкірұлы «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында осындай пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Әдебиет порталына сілтеме жасап.
-
Тоқаев заңға қол қойды: мектептер мен балабақшаларға кенеттен тексерулер енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейеді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Айнұр Алмағамбет түсіндіріп берді.
-
Айбар Олжай: инфляцияны жеңу үшін мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту қажет
Демалыс маусымы жақындағандықтан, халық арасында долларға сұраныс артуда. Экономист пікірінше, осыған дейін инфляциямен күресте импорт бағасының қымбаттамауына біршама үміт артылған еді. Теңге күшейсе немесе оның бағамы белгілі бір дәрежеде тұрақтанса, елімізге келетін импорттың да бағасы тынышталады деген күтулер болды. Дегенмен экономист "15 минуттық экономика" жобасында талқылап, кез келген уақытта бұл жағдайдың өзгеріп кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдегі 400 ірі компания ЖИ-ді директорлар кеңесіне қолданады
Астанада "Болашақ директорлар кеңесі" форсайт-сессиясы өтіп жатыр. Ондағы негізгі тақырып – жасанды интеллект дәуіріндегі директорлар кеңесінің трансформациясы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеке сот орындаушы 370 млн теңге мен Range Rover автокөлігін заңсыз иемденген
Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жақсылыққа жұмылған күш": Аида Балаева волонтерлерді мерекемен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкент қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Биыл Ливаннан 378 мың сириялық босқын Сирияға қайта оралған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
81 млн теңге шығын: компьютерлік клубты қасақана өртеген ер адам сотталды
Жетісу облысы Панфилов ауданында ойын-сауық орталығын қасақана өртеген 25 жастағы азаматқа сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қатаңдыққа бет бұру: рекордтық мөлшерлеме инфляция мен теңгеге қалай әсер етеді?
Қазақстанда базалық мөлшерлеме ел тарихындағы ең жоғары деңгейде – 18% болып тұр. Ұлттық банк оны кем дегенде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталғанға дейін төмендетуді жоспарламайтынын мәлімдеді. Қаржы реттеушісі инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары екенін, ал инфляцияны төмендету үшін оның ұзақ уақыт бойы тұрақты баяулауы қажет екенін атап өтті. BAQ.KZ тілшісі экономистермен сөйлесіп, ағымдағы мөлшерлеме сақтала ма және бұл шешім ел экономикасына қалай әсер ететінін сұрады.
-
Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады
«Қазгидромет» мәліметінше, 5 желтоқсанда еліміздің 16 өңірі мен Астанада қолайсыз ауа райы болжанады. Жолдарда көктайғақ, төмеңгі жолды боран және қар жауады, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі, Руанда мен Конго татуласты
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Жоғары базалық мөлшерлеме және салық реформасы: 2026 жылы өсім неге баяулайды?
2025 жылы инфляция 12-13% болса, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. Келесі жылы инфляция қатты түсе қоймайды деп болжайды экономист, сарапшы Айбар Олжай. Бұл туралы ол "15 минуттық экономика" жобасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Айыптұрақтан із-түзсіз жоғалған көлік: сот күзет агенттігін кінәлі деп тапты
Тараз қаласында айыппұл тұрағынан жоғалып кеткен көлікке қатысты сот дауы аяқталды. Сот күзет агенттігін шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қарағандыда жасанды интеллект емделушілердің өтінішін қабылдай бастады
Қарағандыдағы №3 көпсалалы ауруханада емделушілердің өтініштерін қабылдау процесіне жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Енді науқастар осы жүйе арқылы қабылдауға жазылып, дәрігерлік кеңес пен анықтама ала алады, сондай-ақ шағым немесе пікір қалдыру мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер алдағы тәулікте еліміздің бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Америка әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында «айтарлықтай прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеп, жақын апталарда бұл мәселе бойынша оң жаңалықтар болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Трамп Газа жоспарының екінші кезеңін жарияламақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына арналған жоспарының екінші кезеңін 25 желтоқсанға дейін таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.
-
Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы диалог пен қағидаттарды қолдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды
Алматының Әуезов ауданындағы Асай-5 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде түнде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады
Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) мүшелерінің көпшілігі Израильдің 2026 жылғы "Eurovision" ән байқауына қатысуына қосымша дауыс беру қажет емес деп шешті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Руанда мен Конго басшылары Трамптың қатысуымен бейбіт келісімге қол қойды
Вашингтонда Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда президенттері – Феликс Чисекеди мен Пол Кагаме АҚШ президенті Дональд Трамп қатысуымен аймақтағы көпжылдық қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты
Испания Ұлттық полициясы жұмысшыларды, негізінен непалдықтарды, заңсыз әкеліп, Испаниядағы бірнеше фермаларда "адамгершілікке жатпайтын" жағдайда пайдаланған қылмыстық желіні жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды
Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадион құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли жаңа «Smart City» ықшамауданына барып, нысанның алғашқы жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр
Әзербайжан билігі Армениямен бейбітшілік туралы келісімге 2026 жылы ресми түрде қол қойылады деп үміттеніп отыр. Бұл туралы Әзербайжан Президентінің ерекше тапсырмалар жөніндегі өкілі Эльчин Амирбеков Женевада журналистерге берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты
Италияның Ломбардия аймағындағы Сондрио провинциясында төтенше жағдай орын алды. Вальтеллина аумағында бортында төрт адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы La Repubblica басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх