Все новости за 24 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қостанайда ертеңнен бастап мектеп оқушылары онлайн оқиды
Қостанай қаласының барлық 37 мектебі ертең, 25 қарашадан бастап осы аптаның соңына дейін толықтай қашықтан оқыту форматына көшірілді. Мұндай шешім өңірде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың күрт өсуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Боран, көктайғақ және тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 25 қараша күні еліміздің 14 облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Түркістанда мұнай базасы аумағынан өрт шықты
Түркістан қаласында мұнай базасының аумағында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ басшысы Каспий жағалауында жаңа өрт сөндіру-құтқару бөлімін ашты
Ақтауда жаңа әмбебап өрт сөндіру-құтқару бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
ШҚО-да көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруы нәтижесінде бірқатар автожолдарда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
-
Алматыда алғаш рет жүректі ауыстыру отасы жүргізілді
Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүректі трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан АЭХА ұйымының Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданды
2025 жылғы 17-21 қарашада Вена қаласында (Аустрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында "Таза Қазақстан" жобасы қорытындыланды
Атырауда "Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым – үздіктерге құрмет" қорытынды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оңтүстік Қазақстанда жеке күн электр стансасының саны 3,5 есе өсті
Оңтүстік Қазақстанда жеке күн генерациясының қарқынды өсімі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтыс болған донорлар 6 адамның өмірін сақтап қалды
Өткен аптада Алматы мен Астанада екі донорлық процесс өтті, нәтижесінде бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзалар - жүрек, бауыр, екі жұп бүйрек, екі мөлдірқабық трансплантатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық аспаздар Түркияда өткен фестивальде топ жарды
Астананың болашақ аспаздары Түркияда өткен халықаралық фестивальде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрлық әскері заманауи ұрыс жүргізу әдістерін меңгерді
68665 әскери бөлімінің базасында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары үшін тактикалық-атыс даярлығы бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыссыздар да мемлекеттен төлем ала алады: Қалай рәсімдеуге болады?
Жұмыстан айырылған жағдайда мемлекет әрбір азаматқа ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындайды. Бұл төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тағы бір ел балаларға әлеуметтік желіне пайдалануға тыйым салмақ
Малайзия 2026 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желі аккаунттарын пайдалануына тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім Австралия сияқты елдердің тәжірибесін жалғастырып, балаларға цифрлық технология саласында қауіпсіз орта қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Әке, жол апатына түстім": Зейнеткер жағдайды "шешу" үшін 13 млн теңгесін берді
Зейнеткер жол апатына түсті деп ойлаған қызын құтқару үшін алаяқтарға 13 млн теңгесін берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еуропаға виза алу қашан жеңілдейді? – СІМ жауап берді
Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету ісі қашан іске асады? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев зияткерлік меншік саласындағы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Шотыңызға кездейсоқ ақша түсті": Кері қайтару қауіпті – Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандықтарды "қателікпен аударылған ақша" бойынша алаяқтықтың артып келе жатқаны туралы ескертті және күмәнді түсімдер кезінде не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылына газ жетті
Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылы газға қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада 1500 орындық "Келешек мектебі" пайдалануға берілді
Бүгін Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық «Келешек мектебінің» ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан азаматтығынан бас тарту күрт азайды – Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Яна Легкодимованың өлімі: Полиция жантүршігерлік видео жариялады
23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі туралы ақпарат соңғы бір жылдағы ең көп талқыланған қылмыстардың біріне айналды.
-
Вьетнамдағы су тасқыны: Зардап шеккен қазақстандықтар бар ма?
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Вьетнамда бірнеше мың қазақстандық демалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әзербайжан астанасында жарылыс болды
Әзербайжан астанасы Бакудегі AFEN Mall бизнес орталығында жарылыс болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ер адам зейнетақы алу үшін үш жыл бойы анасының қайтыс болғанын жасырған
Ер адам зейнетақы алу үшін үш жыл бойы анасының қайтыс болғанын жасырған
-
Депутат: Біржынысты отбасылар саны артса, елге қауіп төнуі мүмкін
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин тікелей эфирде оқырмандардың сұрағына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы “қолма-қолсыз” төлемдердің тең жартысы Алматыда жұмсалады
Қазақстанда қолма-қолсыз төлемдер көлемі 135,2 трлн теңгеге жетті. Осы соманың жартысынан астамы – 50,8%-ы – Алматының үлесінде. Тағы 9% Астанаға, 6,2% Шымкентке тиесілі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар арасында қауіпті тренд пайда болды
Қазақстанда жасөспірімдер арасында денсаулыққа аса қауіпті жаңа әдеттің белең алып бара жатқаны анықталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым туралы заң не дейді? Депутат түсіндірді
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин тікелей эфирде Қазақстандағы ЛГБТ мәселесіне қатысты өз ұстанымын түсіндіріп, заңнамада қандай нормалар бар екенін нақтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді
ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада өз қызметінен кетеді.
-
Адамдар өмірден өтерде неге өкінеді?
Өлім алдында адамдар неге өкініш білдіреді?
-
Қазақстанда жұмыс уақыты қалай реттеледі: Заң не дейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ауысымдық жұмыс кестесін қалай дұрыс құруға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еуропа Одағы Қазақстанмен әріптестікті тереңдетуге дайын
Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды
Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әуе тасымалы қалай өзгермек? Үкімет 2040 жылға дейінгі жоспар ұсынды
Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Босқындар лагерін көзбен көрген дәрігер: Ауғанстанда жаңа туған 20 сәбидің 11-і шетінейді
Олар бұл сапарды көпке дейін ұмытпайтыны анық... Ауғанстанға гуманитарлық миссия бригадасымен көмек көрсетуге барып келген академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының жоғары білікті травматолог-ортопед дәрігері Руслан Әбілев сапардан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда тұрғын үй көмегі қайта есептеледі
2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап елде тұрғын үй көмегін есептеудің жаңа қағидалары күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Индустрия және құрылыс министрі қол қойды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Маман: Қазақстан автобандарының демографияға кері әсері бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, кейінгі үш жылда бала туу коэффициенті тұрақты түрде төмендеп келеді: 2021 жылы – 3,32, 2022 жылы – 3,05, 2023 жылы – 2,96, 2024 жылы – 2,8. 2025 жылдың қорытындысы қандай болмақ? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі демограф маманнан сұрады.
-
Дәрігер Ауғанстан сапары туралы: "Күніне 50-60 науқас қабылдадық, жағдай өте ауыр"
Бүгін Ауғанстандағы қақтығысқан жойқын жер сілкінісінен кейін шұғыл медициналық жәрдем көрсетуге аттанған қазақстандық дәрігерлер елге оралды. Дәрігерлер бригадасының құрамында болған академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов BAQ.KZ тілшісіне гуманитарлық миссия мен көмектің қалай жүргізілгені туралы баяндап берді.
-
ШҚО-да 30 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында маусымдық инфекция жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты онлайнға оқуға көшірілген сыныптар саны да артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды
Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Степногорскте борышкерлерден 23 млн теңге алимент өндірілді
Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада алғаш рет "Ассамблея аруы" байқауы өтті
Қызылордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында және «Мың бала» жобасы шеңберінде алғашқы облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлерін алып тастады: себебі неде?
Алматының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері Сайран көліндегі понтон көпірлері неге алынып тасталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды
Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары заңсыз сауда айналымына түскен тауарларды жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар аралас жаңбыр жол қозғалысын қиындатады
2025 жылғы 24 қарашада Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай, Жетісу және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.
-
«75 млн теңге»: Теміржол нысаны мемлекетке қайтарылды
Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жер комиссиясының шешімі және жер қатынастары жөніндегі жергілікті органмен жасалған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Копенгаген” – “Қайрат” матчы: неге Алматы полицейлері Данияға барды
2025 жылдың 26 қарашасында Данияның Копенгаген қаласында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық “Қайрат” пен жергілікті “Копенгаген” клубы кездеседі. Белгілі болғандай, матчқа Қазақстаннан футболшылар ғана емес, Алматы полициясының өкілдері де барған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қыс қандай болады?
Қазгидромет 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы ақпан-наурыз айларына дейінгі ауа райына арналған консультативтік болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтардың жартысынан көбі ЖИ қолданады – зерттеу
Қазақстандықтардың жартысынан астамы (51,1%) ChatGPT, Google Gemini, Midjourney және басқа да жасанды интеллект технологияларын қолданады. Бұл деректер ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты тапсырысымен жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне негізделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Радикалдар ұсталды: ҰҚК төрт қалада арнайы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
501 млрд теңге жәрдемақы: Кімдерге және қанша төленді?
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 501 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы төленді. Орта есеппен 846,5 мың отбасы қолдау алды, оның ішінде 603 мың көпбалалы отбасы мен 243,4 мың наградталған ана бар
-
Алматы облысында тас қараңғыда тауда адасып кеткен туристер құтқарылды
23 қарашада Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып қойған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ-Украина арсындағы келіссөз, Оңтүстік Африкадағы G20 саммиті, Бейруттағы ЦАХАЛ операциясы
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Түрмеге тыйым салынған заттарды енгізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды
Аршалы ауданындағы қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізуге бағытталған әрекет дер кезінде әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бразилияның экс-президенті электронды білезікті паяльникпен шешпек болды
Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару электронды бақылау білезігін шешуге әрекет жасағаны үшін үйқамақтан түрмеге ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bild-ке сілтеме жасап.
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысында жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды
2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізетін мектептерге арналған халықаралық PISA-2025 зерттеуі өтуде. Бұл туралы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда тұмау және ЖРВИ белгілері бар балалар сабаққа жіберілмейді
Маңғыстау облысындағы мектептер мен балабақшаларда тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдай ушығуына байланысты санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы өңірлік білім басқармасының басшысы Клара Құлатаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 24 қарашада Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылғы Олимпиада алауын жағу рәсімі археологиялық мұражайда өтеді
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі ауа райының қолайсыздығына байланысты ашық аспан астында емес, ежелгі Олимпиядағы археологиялық мұражайда өтеді. Бұл туралы Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Женевадағы келіссөздер: АҚШ пен Украина бейбіт жоспарды пысықтауға келісті
АҚШ әкімшілігі мен Украина делегациясы Женевада өткен келіссөздер барысында Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бейбіт жоспарды нақтылау және жетілдіру үшін консультацияларды жалғастыруға уағдаласты. Бұл туралы Ақ үй таратқан бірлескен мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1700-ден астам ЖКО: Астанада полиция апатты аймақтарды бақылауды күшейтті
Астанада жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара аясында қалалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев көше-жол желісінің апатты учаскелерін аралап, инфрақұрылым жағдайын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
АҚШ Оңтүстік Африканы G20 саммитіндегі климат декларациясы үшін сынға алды
АҚШ билігі Оңтүстік Африканы G20 саммитінде төрағалық мәртебесін "ұйымның принциптерін бұзуға" пайдаланды деп сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Үнді магнаты Миттал Ұлыбританиядағы салық реформасына байланысты елден кетті
Үнді магнаты Лакшми Миттал Ұлыбритания үкіметі енгізген жаңа салық саясатына байланысты елден кетіп, Швейцарияның салық резиденті атанды. Бұл туралы The Times басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аустралиядағы тропикалық циклон мыңдаған тұрғынды жарықсыз қалдырды
Аустралияның Солтүстік территориясында тропикалық циклонның салдарынан мыңдаған тұрғын электр қуатынсыз қалды. Желдің екпіні сағатына 57 м/с-қа жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Иран АҚШ санкцияларының өз мүдделерін қорғауға кедергі болмайтынын мәлімдеді
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багай АҚШ санкциялары Иранның ұлттық мүдделерін қорғауға деген шешіміне әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
-
Украинадағы қақтығыс «жақын арада» аяқталуы мүмкін – АҚШ Мемлекеттік хатшысы
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығыстың келіссөздерде қол жеткізілген «елеулі прогресс» арқасында «жақын арада» аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Мерц Женевадағы Украина келіссөздерін "өте қиын" деп бағалады
Германия канцлері Фридрих Мерц Женевадағы Украина мәселесі бойынша келіссөздерді "өте қиын" деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх