Все новости за 29 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық екі дзюдошы алтын медаль иеленді
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында қуаттылығы жоғары ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр
Абай облысының Жаңасемей ауданында жылына 11 400 тонна ет және ет өнімдерін өңдейтін заманауи ет комбинатының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Тұман және өрт қаупі: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 30 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде Үндістанның ұлттық университетінің филиалы ашылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Үндістанның Сот ғылымдары ұлттық университетінің (NFSU) филиалын Қазақстанда ашу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан – АҚШ стратегиялық серіктестігі: жаңа жаһандық сын-қатерлер аясындағы өзара сенім мен даму жолы
Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Екі елдің стратегиялық серіктестігі энергетика, технология, цифрландыру және қауіпсіздік салаларында кеңейіп, өзара инвестициялық және саяси сенім нығаюда.
-
Жетісу облысында полицейлер жолда өртеніп жатқан жүк көлігін аман сақтап қалды
Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жылдам әрекет етуінің арқасында трассада өртене бастаған жүк көлігін толық жанудан сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Іле Алатауында қар барысы, сілеусін және аю фототұзаққа түсіп қалды
Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кадр түсірілді. Фотоқақпанға бір соқпақ бойында Қызыл кітапқа енгізілген үш жыртқыш – қар барысы, түркістан сілеусіні және тяньшань қоңыр аюы қатар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Қытай басшылары Пусанда кездеседі: басты тақырыптар мен күтілетін нәтижелер
Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездеседі. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауыр науқас әйел бүйрек үшін күйеуге шығып, кейін ғашық болып қалған
Қытайда ауыр дертке шалдыққан екі адамның есеппен қиылған некесі шынайы махаббатқа ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
-
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин бейсенбі күні Оңтүстік Кореяда кездеседі
Қытай тарапы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың көптен күткен кездесуін ресми түрде растады. Кездесу бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Пияз бен картоп арзандай ма? – Қазақстанда рекордтық өнім күтіліп отыр
2025 жылы Қазақстанда негізгі көкөніс дақылдарының – пияз бен картоптың – өндірісі айтарлықтай өседі деп болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Оны өлтіргім келеді": Мас ер адам өз-өзін жаралап, көшеде айқайлап, елді мекенді шулатты
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында 41 жастағы ер адам елді мекен орталығында өзін ерекше ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Автокөлік қолжетімді бола ма? – Министрлік лизинг жүйесін енгізбек
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі азаматтарға көлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігін қарастыратын жаңа бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда тауға жақын аймақтарда құрылыс салуға мораторий енгізілді
Алматы қаласының мәслихаты тауға іргелес аумақтарда құрылыс жүргізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама қаланың табиғи ландшафтын сақтау мен сейсмикалық қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Көлік қарсы жолаққа шығып кетіп бара жатты": Бурабайда екі полицей үш адамды өлімнен құтқарып қалды
Бурабай курорттық аймағында патрульдік полицейлер ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алып, жүргізуші мен оның екі жолаушысының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Тоқаев үстел теннисінен Президент кубогына барды
Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Катализаторсыз автобустар Алматының ауасын ластап жатыр ма?
Алматының коммуналдық автопаркі Zhong Tong маркалы 113 автобустың катализаторсыз жүргенін растады. Олар желіден алынып немесе резервке жіберілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана мен Вашингтон арасындағы экономикалық көпір: Бектенов келіссөздер өткізді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
City Transportation Systems-тің пайдасына 1,5 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды
Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Нәтижесінде мемлекетке қомақты берешек қаражатты қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Финляндия су үнемдеу мен басқаруда бірлесіп жұмыс істейді
Финляндия Президенті Александр Стуббтың Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды
Қазақстанның кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамыту ісінде жетекші ұйым ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.
-
Финляндия президенті қазақ халқының тарихымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Айлап күтуге мәжбүр". Депутаттар медициналық қызметтердің қолжетімділігіне алаңдады
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдап, азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты жүйелі проблемаларды көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат интернет алаяқтықпен күресті күшейтуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мутәлі Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жыл басынан бері 40 мың адам инсульт алған
Қазақстанда биыл жыл басынан бері шамамен 40 мың адам инсульт алып, соның бес мыңға жуығы көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады
Астаналықтар тегін медициналық тексерістен өте алады. Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
422 мың тонна өнім: Мақта терімі аяқталуға жақын
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 142,3 мың гектар жерден мақта жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 98,5%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері орташа өнімділігі гектарына 24,9 центнерден 422 мың тонна шитті мақта жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат Қазпоштаның қызметі де күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жакеевтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңбыршин: ЛГБТ насихаты – сырттан жасалып жатқан идеологиялық шабуыл
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихаты мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сырттан жасалып жатқан идеологиялық шабуыл деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Лукойл" Қазақстаннан кетпейді: компания мұнай өндіруге миллиардтаған доллар инвестиция құйып отыр
Батыс санкцияларына байланысты халықаралық активтерін сатуы мүмкін деген хабарларға қарамастан, "Лукойл" Қазақстандағы қызметін жалғастырып, мұнай жобаларындағы үлесін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Ресейлік компания еліміздің негізгі кен орындарында жұмысын жалғастырып, ұлттық компания "ҚазМұнайГаздың" сенімді серіктесі болып қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Не талқыланды?
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еділ Жаңбыршин: Отбасыда баланың жынысын дұрыс түсіндіру маңызды
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатына қатысты тыйым салу мәселесінде балалар мен жасөспірімдерді қорғаудың маңызды екенін атап, үйдегі тәрбиенің рөліне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЛГБТ насихатына қандай тыйым салынуы мүмкін? Депутат түсіндірді
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатына қатысты заң жобасының мәдениет, балалар құқығы және онлайн контентке әсері туралы өз ойын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Серджио Гор Тоқаевқа АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мені қолдан жасап шығарды": депутат Пономарёв дипфейктер толқынын тоқтатуды талап етті
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке және Ішкі істер министрі Ержан Саденовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"600 мың теңгелік торт жыры": Сот шешімі шықты
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты блогер Аселина Батырға қатысты істі қарап, талапкер Нұршат Ақбегенованың (кондитер) пайдасына шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы тарихи ипподромның орнына тұрғын үй кешені салына ма?
Желіде белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Алматыда 1930 жылы салынған тарихи ипподромдың орнына тұрғын үй кешені салынатынын айтып, көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Смышляева: Сенат енгізген түзетулер ЖИ туралы заңның мазмұнын өзгертпейді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Сенат енгізген «Жасанды интеллект туралы» және оған қатысты бірқатар заңнамалық актілерге түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қызылордадағы петроглифтер шетелге кетіп жатыр": Депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов археологиялық мұраларды қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, жаңа заң жобасының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазанның соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Лифтідегі "жалған мәйіт", Қытайдағы "ұрлық": Депутаттар пранк жасайтын блогерлермен күреспек
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы пранк жасап, елді әлекке салатын блогерлерге қарсы шара қолдануды сұрап, Мәдениет және ақпарат министрі мен Ішкі істер министріне сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының орынбасары Ақордаға келді
Ақордада АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ипотеканы қайта бере бастаған банктер анықталды
Қазақстанда кей банктер пайыздық мөлшерлемесін көтеріп немесе тек серіктестік бағдарламалар арқылы ипотека бере бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы Орталық саябақта тойхана салынып жатыр ма
Желіде Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында үлкен ғимараттың салынып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат дабыл қақты: Құнды заттар шетелге кетіп жатыр
Мәжілістің жалпы отырысында депутат мәдени мұраларға қатысты жаңа заң жобасын таныстырғанда заңсыз қазба жұмысымен айналысатындар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов: Кім, қай жерде, нені қазып жатыр?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов археология саласындағы деректер хаосы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тарихи мұраны қорғау ережесі түбегейлі өзгереді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және археология қызметін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде мұғалімдерге арналған психологиялық қолдау кабинеттері ашыла бастады
Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған маңызды бастаманы іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам: қандастар қай елдерден Қазақстанға жиі оралады
2025 жылда 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Израиль Газаны атқылады, Трамптың рейтингі құлдырады, Кениядағы ұшақ апаты
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Тоқаев Түркия президенті мен халқын ұлттық мейраммен құттықтады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін екі есе арттыруды көздейді
Қазақстан 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін 450 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтып, кемінде 150 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бизнесті мемлекеттік қолдау: 26 мыңнан астам жобаға 1,3 трлн теңге бөлінді
Елде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге жуық 26 мыңнан астам бизнес-жоба жеңілдікпен қаржыландыру тетіктері арқылы қолдау тапты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан экономикасы тұрақты өсім қарқынын сақтап келеді
Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 6,3% өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің он бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында адасқан туристер аман-есен табылды
Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің Құтқару қызметі Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен туристер тобын аман-есен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Артық төлемсіз бөліп төлеу: экономистер қосарлы баға енгізудің себебін түсіндірді
11 қазаннан бастап Қазақстанда сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді барлық дүкендер мен онлайн-платформалар тауардың екі бағасын қатар көрсетуге міндетті – бірін толық бірден төлеген кездегі баға, екіншісін бөліп төлеу арқылы сатып алу кезіндегі баға. Бұл жаңашылдық 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Сауда және интеграция министрлігі бекіткен бұйрықпен ресми түрде енгізілді. BAQ.KZ тілшісі бұл өзгерістердің нарыққа қалай әсер ететіні және қарапайым тұтынушылар үшін қаншалықты тиімді болатынын зерделеп көрді.
-
Трамптың рейтингі құлдырады: америкалықтар қымбатшылыққа наразы
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне қанағаттанған азаматтардың үлесі рекордтық деңгейде төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Таразда қызды күштеп алып қашқан үш ер адам ұсталды
Таразда қоғамдық көлік аялдамасында қызды күшпен көлікке отырғызып әкеткен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристер мінген Mombasa Air Safari әуе компаниясының шағын ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 11 адамның бәрі – кениялық ұшқыш, сегіз венгриялық және екі неміс азаматы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Швецияда 13 жастан бастап түрме жазасы енгізіледі
Швеция үкіметі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 13-ке дейін төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Microsoft OpenAI акцияларының 27 пайызын иеленді
OpenAI компаниясы құрылымдық өзгерістер жүргізіп, жаңа коммерциялық емес ұйым – OpenAI Foundation арқылы басқарылатын OpenAI Group PBC холдингіне біріктірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қаржылық пирамида: тез байытамын деген тұзақтың шындығы
Тегін ірімшік тек қақпанда болады. Бұл ескі нақыл бүгінде бұрынғыдан да өзекті. Цифрлық дәуірде адамдар интернет арқылы табыс табудың жаңа жолдарын іздейді, ал алаяқтар сол ізденістің ішінен өз олжасын іздейді. Соның ең қауіпті түрі – қаржылық пирамида. BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпты зерделеп көрген еді.
-
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін. Бұл шешім Қытай фентанил өндірісінде қолданылатын химиялық заттардың экспортын бақылауды күшейтсе ғана қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
-
Газа секторына жасалған соққы: Израиль ХАМАС-ты бітімгершілікті бұзды деп айыптады
Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі ХАМАС пайдаланатын инфрақұрылым нысандарына бірқатар әуе соққыларын жасады.
Наверх