Все новости за 24 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына өз канидатурасын ұсынды
Атақты боксшы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын жүлде түсті
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Алматы – Өскемен" автожолында жарықтандыру жүйесі іске қосылды
Республикалық маңызы бар "Алматы - Өскемен" автожолының (253–254 шқ) 3-ші бөлімше елді мекенінен қалаға кіреберіс аралығындағы учаскесінде заманауи жарық бағаналары орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бір адам қаза тауып, тағы бірі зардап шекті". Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсті
Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев қызметтік көлігімен жол апатына түсті. Аталған жол-көлік оқиғасы барысында бір адам көз жұмған, ал әкімнің өзі ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Елімізде 15 облыста 25 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
"Тәуелсіздіктің 34 жылдық тәжірибесі": Атырауда білім саласындағы мәселелер талқыланды
"Тәуелсіздіктің 34 жылдық тәжірибесі". Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде осындай ғылыми-семинар өтті. Республика күніне орайластырылған шараға инновациялық білім беру, педагогика және психология, сондай-ақ өзге факультеттердің студенттері мен оқытушылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде 817 миллион адам күніне 3 доллардан аз табыс табады
2024 жылы әлемде күніне 3 халықаралық доллардан аз табыс табатын адамдар саны 817 миллионға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушыларға қорытынды баға қоятын жүйе таныстырылды
Қазақстандық BilimClass тегін цифрлық платформасы мектептерге арналған жаңа инновациялық құрал — Автоматтандырылған білім беру мониторингі жүйесін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында заманауи Жедел басқару орталығы іске қосылды
Республика күні қарсаңында Осакаров аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жаңа Жедел басқару орталығы ашылды. Іс-шараға Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов және Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов қатысты, деп жазады BAQ.KZ.
-
Автобус өртеніп, 19 адам қаза тапты
Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында мотоциклмен соқтығысқан автобус өртеніп, к 19 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп: АҚШ Латын Америкасында құрлықтағы операция бастауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке есірткі сатушыларды құрлықтан қуу мәселесін Конгреспен талқылауды тапсырды. Ол бұл туралы Ақ үйде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шу шыққан соң 5 балабақшадан ваучерлік жүйе алып тасталды
Атырауда 3 ай бойы жалақыға жарымай, шу шығарған мемлекеттік балабақша қызметкерлерінің мәселесі шешілді. Мекеме мамандарының проблемасын біржақты ету үшін қазынадан қосымша қаржы аударылатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесетін болды
АҚШ Президенті Дональд Трамп 30 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия саммиті шеңберінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
STEAM-Tulpar: ауыл баласына ғылым жолын ашқан зертхана
Еліміздің білім кеңістігінде соңғы жылдары тың серпін берген жобалардың бірі – STEAM-Tulpar. Бұл – кәдімгі зертхана емес, жол үстінде жүрген зертхана. Арнайы жабдықталған көлік Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, ауыл мектептеріндегі балаларды ғылым мен технологияның қызықты әлемімен таныстырып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қағазбастылықтан арылдық". Үздік ұстаз мұғалімдерге жасалып жатқан жағдай туралы айтты
Бүгін Алматы қаласындағы С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұржігіт Аманов “Үздік педагог – 2025” атағын иеленді. Ол байқауға қатысудағы мақсаты, сынақ барысы және ұстаз мәртебесін арттыру бағытындағы өзгерістердің әсері туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан гидрогеологтарының еңбегіне берілген жоғары баға – Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталары атласын әзірлеген Мәліс Әбсәметов бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үздік мұғалімдер 4 млн теңгеден алды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында әкім өлімге әкелген жол апатына тап болды
Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев көлік жүргізіп келе жатып, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына тап болды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдердің жалақысына қатысты келіспеушіліктер туындады
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ұлытау облысындағы мектеп мұғалімдеріне еңбекақы азайтылды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Фермерлер жеке табыс салығын 70%-ға дейін азайта алады
Қазақстанда фермерлер мен шаруа қожалықтары жеке табыс салығын (ЖТС) азайта алады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдіснама департаменті Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова бүгін өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті
Түркістан облысында медициналық мекемеден сотталушы қашып шықты. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында ота жасалған науқастар аурухана дәлізінде жатқан
Алматы облысында жүрек ауруы бар науқастар емхана дәлізінде жатқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау облысында тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған
Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қамқорлығындағы баланы ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарағаннан кейін Атырау облысында қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Республика күніне орай ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жарияланды
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елордада батыр аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" табысталды
Республика күні қарсаңында Астана қаласы Есіл ауданында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ВТБ Банк (Қазақстан) ЕО санкцияларындағы өзгерістерге түсініктеме берді
ВТБ Банк (Қазақстан) Еуропалық одақ енгізген санкцияларға қатысты өзгерістер елдегі банк жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Еңбегіміз еленді" – СҚО механизаторын Президент марапаттады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай мемлекеттік наградалар табыстады. Елдің басты сахнасына көтерілгендердің қатарында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының «Мәмбетов және К» серіктестігінің механизаторы Мұрат Қаражұманов та бар. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл – Қазақстан Республикасындағы ең жоғары марапаттардың бірі. Мұрат Қаражұманов марапаттан кейін өз әсерімен BAQ.KZ тілшісімен бөлісті.
-
12 адам қаза тапқан апаттан аман қалған 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы 23 қазанда болған жол апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы хабарлады. Жол-көлік оқиғасынан кейін Хромтау аудандық орталық ауруханасына алты адам жеткізілген. Олардың арасында 16 жастағы жасөспірім бар, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогі өтеді
24 қазанда Астанада үстел теннисінен халықаралық Президент кубогіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Турнир 2025 жылдың 25-29 қазан аралығында Beeline Arena алаңында өтеді. Оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстанның үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad үстел теннисі академиясы ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шавкат Рахмонов "Барыс" орденінің ІІ дәрежесімен марапатталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда автобус аялдаманы қиратты: Зардап шеккендер бар
Алматыда автобус аялдамаға соғылып, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Туыстық неке: Әр екінші балада генетикалық ауытқу бар
Әр екінші балада генетикалық ауытқу бар
-
Азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімі, болмысы өзгере бастады – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясы азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімін өзгерте бастағанына назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Заң мен тәртіп үстем елде ғана әділ қоғам орнайды
Мемлекет басшысы "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы өскелең ұрпақ үшін жасалған үлкен қадам
Президент бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты мерекелік шаралар тоқтатылды
Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жол апатына байланысты қаладағы мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2019 жылдан бері экономикамыз 16% өсті – Тоқаев
Президент 2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: 35 жыл бұрын тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Пәтер сатқаннан кейін салық төлеуге дайын бол: Тұрғын үй сатудағы жаңа ережелер қандай?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алған бағасы мен сату бағасының айырмасынан, яғни құн өсімінен, жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге міндетті болады. Бұл ереже егер мүлік екі жылдан аз уақыт иелігінде болса және бағасы өскен жағдайда қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық әдістеме басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Киім, техника, көлік: Қорғастан не сатып алуға болады?
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық облысы халықаралық ынтымақтастық пен сауда алмасуды белсенді дамытып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Шыңжаң Халық үкіметінің Сыртқы байланыстар басқармасының орынбасары және партия комитетінің мүшесі Сяо Евэнь мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Электрохимиялық қорғау және диагностика шебері: көрінбейтін қауіптің күзетшісі
Электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің шеберлері металл конструкциялардың коррозияға ұшырамауын қамтамасыз ететін негізгі мамандар. Олардың жұмысы құбыр желілері мен өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі ұзақмерзімді пайдаланылуына тікелей әсер етеді. «Еңбекқор ел» жобасының бүгінгі шығарылымы электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің шеберіне арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде "қайтыс болған" науқастарды бюджет есебінен емдеген
Ақтөбеде есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді: жерасты зертханалары анықталып, ондаған келі синтетикалық заттар тәркіленді, заңсыз қаржыландыру схемаларының жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарин: Президент жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі жүргізіп келеді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ДДСҰ: Газа медицинасын қалпына келтіру 7 млрд долларға түсуі мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіру үшін кемінде 7 миллиард доллар қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғалымдар дабыл қақты: Аптап ыстық күндер тағы екі айға көбеюі мүмкін
Халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша 2100 жылға қарай Жер бетінде жыл сайынғы “аса ыстық” күндердің саны шамамен 57 күнге артуы мүмкін. Бұл қазіргі деңгейден екі айға жуық көп қауіпті ыстық кезең дегенді білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциясы, Таяу Шығыстағы шиеленіс және Қытайдағы зілзала
Соңғы тәуліктегі ең өзекті әлем жаңалықтары: Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс, АҚШ-тағы сайлау алдындағы тартыс, Қытайдағы қуатты жер сілкінісі, Ресей мен Украина майданындағы жаңа жағдай, сондай-ақ климаттық апаттар мен ғаламдық экономика жаңалықтары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Талғардағы қайғылы оқиғадан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа үйге қоныстанды
Алматы облысы Талғар ауданындағы былтыр қайғылы жағдайдан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездеседі
Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин 30 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия саммиті аясында кездесетінін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Газа секторында қаза тапқандар саны 68 мыңнан асты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандардың саны бір тәулікте тағы 14 адамға артып, жалпы көрсеткіш 68 280 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қатты жел мен үсік: 24 қазанда қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғып, үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Алматы облысында дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазіргі таңда автонесие алған дұрыс па – сарапшы пікірі
Жаңа жылдан кейін елдегі автосалондарда көлік бағасы қымбаттай ма? Қандай жағдайда автонесие алған тиімді? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі экономист Айбар Олжайдан сұрап білді.
-
Ел өмірін таспалаған 30 жыл: "Хабар" агенттігі медиа биігінде
Қазақстанның жетекші медиахолдингтерінің бірі – "Хабар" агенттігі өзінің 30 жылдық мерейтойын тойлайды. Отандық журналистиканың қалыптасу кезеңін түйіндеп, жаңа белестерге бет бұрған маңызды кезең, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 8 жаңа медициналық нысан ашылды
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оңтүстік Суданда нөсер жаңбыр Ніл өзенін шайып кетті
Соңғы бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер мен Ніл өзенінің арнасынан асуы Оңтүстік Судан халқының өміріне ауыр соққы болды. Мыңдаған адам зардап шегіп, жүздеген мың тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дроппер: жаңа норма бойынша алғашқы адам қамауға алынды
Алматыда тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға берген жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Республика күні қарсаңында Тоқаев 138 еңбек әулеті өкілдерін марапаттады
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
-
"Біз оларды жоямыз". Трамп Ақ үйде бірқатар мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі, 23 қазан күні кешке Ақ үйде баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
-
Көмір химиясы: Мұнай мен газға балама ұлттық ресурс
Елімізде жаңа жылу электр орталықтары (ЖЭО) "таза көмір" технологияларын қолдана отырып салынады. Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін өткізілген Үкімет отырысының бірінде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп мәлімдеген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нашар баға үшін оқушының әкесі мұғалімді соққыға жықты – Павлодар
Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім мен қызының бағасына наразы болған тұрғын төбелесіп қалды. Желіде тараған ақпаратта педагог басынан жарақат алғаны айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Коммуналдық тарифтердің уақытша тоқтатылуы қызмет сапасына әсер ете ме?
Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін коммуналдық тарифтердің өсуін уақытша тоқтату шарасы қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына кері әсер етпейді және көрсетілетін қызмет сапасына нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы ведомство BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
-
Луврды тонағандардың қашып бара жатқан видеосы пайда болды
Кеше, 23 қазанда интернетте Луврдың екінші қабатында орналасқан Аполлон галереясынан күдікті тонаушылардың қашып бара жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Астана Арена" стадионынан өрт шықты
Елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінен өрт шықты. Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейде дәрі-дәрмек таусылуы мүмкін
Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры тоғыз айда таусылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбедегі жол апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пранк: қызық үшін "қыз алып қашқан" блогерлер жауапқа тартылды
Атырауда пранк жасау мақсатында "қыз алып қашқан" блогерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері 80-нен аса полицей заң алдында жауапқа тартылды
Қызметтік тәртіпті бұзған, әдеп кодексін сақтамаған және құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтірген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Достық – Мойынты" екінші желісінен күн сайын 60 жүк пойызы өтеді
"Достық – Мойынты" - Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі жол құрылысы. Бұл жерде тәулігіне 800-ге жуық вагон жүк қабылданады. Екінші желі іске қосылғаннан бері 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдегі ең жылдам пойыз Қытайда сынақтан өткізілуде
Әлемдегі ең жылдам жоғары жылдамдықты пойыз CR450-дің өнімділік сынақтары Қытайда басталды. Сағатына 450 шақырымға дейін жылдамдыққа жете алатын жаңа пойыз Шанхай-Чунцин-Чэнду желісінде сынақтан өткізілуде. Бұл әлемдегі ең ірі пойыз болып саналатын Қытайдың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ Naked-Science сайтына сілтеме жасай отырып.
Наверх