Все новости за 12 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
"Тоқта, вандал": елордада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды
Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ұлттық музейде халық суретшісінің көрмесі ашылды
Ұлттық музейде Қазақстанның Халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
13 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Бокс: Азия чемпионаты Таиландта өтеді
Азия бокс конфедерациясы 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада 23 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Астанада түнгі ауысымда қар күреу жұмысына 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Астаналық пара каратэшілер әлем чемпионатында үздік атанды
5-12 қараша аралығында Үндістанның Гоа штатында өткен пара каратэден Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер мен ата-аналары Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Сенаторлар ветеринариялық зертханалардың жұмысымен танысты
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбы бойынша өтетін парламенттік тыңдауға дайындық аясында еліміздегі жетекші зертханаларда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ: 22 елге аштық қаупі төніп тұр
Алдағы жарты жылда әлемнің 22 еліне аштық қаупі төніп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Шымкентте ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Alarko Holding» түрік компаниясының вице-президенті Шахин Аббаспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті
СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері әлеуметтік желілерге арналған бейнеролик дайындады, онда облыс тұрғындарын алаяқтықтың жоғары технологиялық тәсілдері туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Сенаторлар бұқаралық спорт пен параспортты дамытудағы проблемалық мәселелерді зерделеді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Паралимпиадалық жаттығу орталығында және №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамымен кездесті
Президент «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебпен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери кадрларды дайындау мәселелері талқыланды
ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы жұмыс тобы әскери кадрларды дайындау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұртөре Жүсіп IV халықаралық медиафорумға қатысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп түркітілдес журналистика қоры ұйымдастырған IV халықаралық медиафорумға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Уақыт белдеуінің ауысуы энергия тұтынуға әсер еткен жоқ – министрлік
Ең жоғары жүктемелер таңертеңгі және кешкі уақытта, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада полицей мұзға құлап кеткен ер адамды құтқарып қалды
Түнгі уақытта жағалау маңындағы аумақты патрульдеумен айналысқан тәртіп сақшысы Алдияр Жарылғасынов белсенді түрде қол бұлғап, назар аударып тұрған екі адамды байқайды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысының оқушысы ғарышқа энергия жеткізу құрылғысын ойлап тапты
9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев ғарыш кеңістігінде лазерлік сәулелену арқылы энергия жеткізетін, ғарыштағы жерсеріктер мен ғарыш станцияларын энергиямен қамтамасыз етуге арналған инновациялық құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев пен Ислам банкінің президенті 1,1 миллиард долларлық келісімге қол қойды
Бұл – банктің 51 жылдық тарихындағы ең көлемді қаржыландыру жобасы
-
Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді
Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанмен сауда айналымын 15 млрд долларға дейін арттыруға ұмтыламыз – Түркия Президенті
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады
СҚО-да полицейлер “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев СOP29 cаммитінде бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 cаммитінде бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 575 жоба іске асырылды
Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды
90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елорда прокурорлары кәсіпкерлер құқын қорғады
Сотталғандардан материалдық залал өндірілді.
-
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
спекулятивтік сипаттағы мәмілелердің көбейгені де байқалып отыр
-
Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті
Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық конькишілер Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының тренерлік штабы Хатинохе (Жапония) қаласында өтетін төрт құрлық чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы қаралды
Ресей Федерациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Кувейттің Тақ мұрагері, шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабахпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық әскерилердің формасы өзгерді
Әскерилер алғаш рет бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау Президентімен кездесті
ҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан шетелдік мамандар мен "неономадтар" үшін есігін ашуда
18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Финляндия президенттері бір-біріне сапармен баруға келісті
Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мұнара" республикалық рухани-танымдық газетіне 5 жыл толды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Мұнара» республикалық рухани-танымдық газетінің 5 жылдығына арналған «Діни журналистика және қазіргі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада мемлекеттік органдардың өкілдері үшін гендерлік сараптама бойынша тренинг басталды
Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-Әйелдермен бірлесіп екі күндік тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері қанша бала дүниеге келді
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Климаттың өзгеруі жаһандық су цикліне әсер етіп отыр – Президент
Қазақстан Президенті Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Электрондық еңбек биржасында маусымдық мамандықтарға сұраныс артты
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа терминалы ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Ақмола облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хаттамалық шешімі шеңберінде жергілікті жерлерде прокурорлар жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын су тасқынына қарсы шараларды бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бауырына салу" фильмі Франция фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды
"Бауырына салу" фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қай өңірде баспана арзан
Бір жылда (2024 жылғы қазан 2023 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 3,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленеді
Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатта конституциялық бақылауды жетілдіру тетіктері талқыланды
Конституциялық бақылау – конституциялық заңдылықты және Ата заң үcтемдігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бүгін Парламент Сенатында осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелде оқитын студент мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін бе?
Қазақстанда МӘМС жүйесінде 585 мыңнан астам студент сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни 15 жеңілдік санатына кіреді. Медициналық сақтандыру қоры студенттердің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда суға батқан баланы құтқарған азамат марапатталды
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ерлік көрсеткен азамат "Суға батқанды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Теміртауда су тасқынына қарсы бірқатар шара қабылданды
Су тасқынынан қауіпсіз өту үшін алдын ала дайындық жұмыстары қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Түркістанға тарихи-танымдық тур ұйымдастырылды
«ҚТЖ - Жүк тасымалдау» ЖШС филиалы «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының кәсіподақ ұйымының бастамасымен теміржолшы қыз-келіншектер киелі Түркістанға біркүндік тарихи-танымдық саяхат жасап келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Испания билігі тасқыннан жапа шеккендерге қосымша 4 млрд доллар бөледі
Бұл туралы Испания премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Қаржы тұрғындарды қолдауға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
БҚО-да "Қаладан ауылға" бағдарламасымен 78 отбасы ауылға көшкен
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы келесі жылы жалғасады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО: Киіктерден зардап шеккен шаруаларға өтемақы төленді ме
БАҚ өкілдері облыс әкіміне былтыр киіктерден зардап шеккен шаруаларға қанша өтемақы төленді. Биыл зардап шеккен шаруалардың саны қанша? деп сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мақсат қойған адамның мүмкіндігінде шек болмайды
Талдықорғандағы «Асар» спорттық-оңалту орталығынан 2014 жылдан бері 4 мыңнан астам адам емделіп шыққан. Оның 900-і балдағын тастаса, 1500-ден астамы өз еркімен тамақтанып, қалпына келген. Осы ретте біз орталық басшысы, адал азамат Елдос Баялышбаевпен тілдескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам адам онкологиялық аурумен тіркеледі
Онкологиялық ауруы бар адамдарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі өте өзекті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматылықтар акушер-гинекологтардың қызметін жиі пайдаланады
Қала тұрғындары МӘМС есебінен 1156 консультативтік-диагностикалық қызмет түрін пайдаланып, 18,1 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қандай бағдарламамен баспана алуға болады
Үкімет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да сау тасқынынан кейін салынған үйлердің сапасы қандай – әкім жауап берді
Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: Шешім қабылдауда батыл болыңыздар
Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне шетелдік инвесторлармен өзара байланысты нығайтып, жұмыс тәсілдерін өзгерту керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар құрақтан Сәкен Сейфуллиннің бейнесін жасады
Елордалық оқушылар 2700 төртбұрышты құрақтан Сәкен Сейфуллиннің бейнесін жасап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖМ министрі тез салынатын өрт сөндіру бөлімшесінің құнын айтты
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жылдам салынатын өрт сөндіру бөлімшелерінің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Құны 120 млн теңге". Министрлік өрт сөндіретін 2 дрон сатып алады
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов елімізде биік ғимаратты сөндіретін 2 дрон жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? - министрлік жауабы
Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты Департаментінің директоры Жандос Әділхан жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Баку олимпиадалық стадионына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтарға алданып қалғандардың несиесін кешіру ұсынылды
Жоғарғы Соттың Халықаралық кеңесінің отырысында соттарда жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 адам ұсталды
Тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 7 мыңға жуық дәрі-дәрмектің түрі бар
Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда төбелестен полиция қызметкері жарақат алды
Алатау ауданындағы «Пегас» дәмханасының маңында түнде төбелес болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Екі күннің бірінде өрт". Бектенов бір айда 130-дан астам өрт шыққанын айтты
Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру кезеңінде өрттердің 50%-ға жуығы пештер мен мұржалардағы ақаулардың кесірінен болатынны айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі өзгерді
Өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Газ баллондарын бензин құятын станцияларда толтыру - заңға қайшы
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрттің көбіне неден шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның машина жасау саласы қалай дамып жатыр
Қазақстан машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстанның машина жасау саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутаттар өңірімізге іссапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды
Облысқа қарасты Жамбыл ауданындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 76-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан аса арнайы техника шығарылды
11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Астанада 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Колумбияда тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Бұл туралы ел президенті Густаво Петро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
12 қарашаға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 12 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі 264 кәсіпорын жұмысшыларына 3,9 миллиард теңге қарыз
Қазақстандағы 264 кәсіпорын 17,8 мың жұмысшыға 3,9 миллиард теңге көлемінде жалақы қарыз. Бұл статистиканы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Қытайға май өнімдері экспортын $250 млн жеткізуді көздеп отыр
Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекордты жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр, , деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі сотталды
Ақтөбе қаласында әріптесінің пәтеріне от қойған жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада жыл басынан интернет-алаяқтықтың 4 мыңнан астам фактісі тіркелген
2024 жылдың 10 айында елорда аумағында 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Интернет-алаяқтықпен күресу үшін полиция қызметкерлері осындай қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ескерту бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп отырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
12 қарашада еліміздің қалаларындағы ауа сапасына болжам жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Павлодар облысының құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Павлодарское ауылы Қонаев көшесі бойында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында сапасыз жол үшін бірқатар лауазымды тұлғаға айыппұл салынды
Павлодар облысында жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 274 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды, оларға 10 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да мал ұрлығы үш есе азайды
СҚО-да мал ұрлығы үш есе азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Қазгидромет" бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, ертең, 12 қарашада еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туризм саласында 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда – Жамбыл облысы
Биыл Жамбыл облысына 15,9 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх