БҰҰ: 22 елге аштық қаупі төніп тұр

12 Қараша 2024, 21:08
305
Бөлісу:
БҰҰ: 22 елге аштық қаупі төніп тұр

Алдағы жарты жылда әлемнің 22 еліне аштық қаупі төніп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттердің арасында Палестина, Судан, Гаити және Мали бар. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері өз есебінде келтірді. 

Азық-түлік тапшылығына әскери қақтығыстар, экономикалық дағдарыстар мен гендерлік теңсіздік себеп, - дейді сарапшылар. 

Бұдан бөлек, босқындар легі мен "Ла-Нинья" құбылысы сияқты табиғи апаттар да жағдайды қиындатып отыр. Сомали, Кения мен Эфиопияда құрғақшылық ушығуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы