Қазақстанның машина жасау саласы қалай дамып жатыр

12 Қараша 2024, 10:13
248
Бөлісу:
Қазақстанның машина жасау саласы қалай дамып жатыр
Фото: автордан

Қазақстан машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстанның машина жасау саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан - Үндістанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі. 2023 жылдың соңында елдеріміз арасындағы тауар айналымы 1 триллион доллардан асты. Бұл ретте Үндістаннан келетін импорт 3%-дан астамға өсіп, жарты миллиард долларға жетті.

Бүгінгі таңда Қазақстанның машина жасау саласы қарқынды өсіп келеді. Оған 5 мыңнан астам кәсіпорын кіреді. Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасаудың үлесі шамамен 20% және 37 кіші саланы қамтиды. Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға күш салуының арқасында машина жасау саласына инвестиция салуға кең мүмкіндіктер ашылып жатыр. Сонымен бірге инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр, - деді Пішембаев Қазақстан-Үндістан іскерлік конференциясында.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 9 айында салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 есеге өсті. Өндіріс көлемі 3 триллионнан астам теңге болды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша тауар импортының жалпы көлемі 61 млрд долларды құрады. Оның 25 миллиард доллары немесе 41 пайызы машина жасау өнімдері. Елімізде ірі жобалардың тізімі жасалды. Бұл темір жол, ауыл шаруашылығы, электротехника. Сонымен қатар жақын арадағы жоспарларға газ өңдеу зауыттарын салу бар. Бұл саланың табысты дамуы үшін барабар тарифтер мен көтерме бағаларды қамтамасыз етуді қоса алғанда, инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз ететін тиімді ынталандырулар енгізіледі, - деп айтып Мейрам Пішембаев Үндістанның бизнесін осы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы