Испания билігі тасқыннан жапа шеккендерге қосымша 4 млрд доллар бөледі

12 Қараша 2024, 13:30
226
Бөлісу:
Испания билігі тасқыннан жапа шеккендерге қосымша 4 млрд доллар бөледі
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Испания премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Қаржы тұрғындарды қолдауға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ел билігі 11 миллиард доллар бөлген болатын. Апат аймағында азаматтарды іздестіру жұмыстары, тасқын салдарымен күрес шаралары әлі жалғасып жатыр. 

Бірақ Валенсия тұрғындары жергілікті биліктің әрекетіне наразы. Аймақ басшысы Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап етті. Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Испанияның оңтүстік-шығысында алапат су тасқыны жүрді. Соның салдарынан 220-дан аса адам опат болған. 

Өзгелердің жаңалығы