Қандай бағдарламамен баспана алуға болады

12 Қараша 2024, 12:17
317
Бөлісу:
Қандай бағдарламамен баспана алуға болады
Фото: BAQ.KZ архив

Үкімет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 30 қазанда Парламент “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдер мен бағыттар көзделген.

Заң жобасы шеңберінде “Отбасы банк” базасында тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірыңғай орталығын құру қарастырылады, ол тұрғын үйге кезекті ашық қалыптастыру және оны мұқтаждарға іске асыру үшін “бір терезе” әділ қағидатын қолдануға мүмкіндік береді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубайдың депутаттық сауалына берген ресми жауабында енді тұрғын үйге мұқтаждардың кезегіне тұру құқығына соңғы 5 жыл ішінде қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, тұрғын үйі жоқ барлық азамат ие болатынын айтты.

Яғни тұрғын үй беру тетігін таңдау азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, заң жобасы шеңберінде интернет-ресурста өзектендірілген тізімдерді жариялай отырып кезекте тұрғандардың тізімін тұрақты түгендеу көзделген, бұл кезектің әділ және ашық қалыптасуын қамтамасыз етеді, - дейді Скляр.

Жалпы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау құралдары ретінде коммуналдық жалға берілетін тұрғын үй, кредиттік тұрғын үй салу, жеңілдікті ипотекалық несиелер (Отбасы банкінің бағдарламалары, 7-20-25), тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны жабуға сертификаттар, коммуналдық қызметтерді өтеуге тұрғын үй төлемдер және басқа тетіктер көзделген.

“9-20-25” бағдарламасы бойынша тұрғын үй үшін бастапқы жарнаның мөлшерін төмендетуге қатысты келесіні атап өткен жөн. Несие бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен кредиттік тәуекелдер үшін қаржылық тәуекелдерді міндетті сақтандыру.

Банктердің мақсаты - несие алушының төлем қабілеттілігін сапалы және теңгерімді бағалау, бұл оған болашақта ипотекалық несие төлеу арқылы жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, бастапқы жарна мөлшерінің төмендеуі несие алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені ұлғайтады, сондықтан ол тиімсіз болып саналады. Алайда, табысы төмен азаматтарға бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде қаржылық қолдау көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын бөледі, - делінген ресми жауапта.

Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге қатысты “Отбасы банк” АҚ бағыты бойынша 2, 5, 7 және 9% болатын түрлі шарттармен ипотекалық бағдарламалар бар. Сондай-ақ “Наурыз” ипотекалық бағдарламасы бойынша (9-20-25) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жылдық 7% төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған.

Елдің барлық өңірінде, оның ішінде шалғайдағы өңірлерде халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мемлекет бірқатар тиісті шара қабылдап жатыр.

Атап айтқанда, “Дипломмен ауылға!” бағдарламасы шеңберінде ауылдарда, оның ішінде шалғай аудандарда жұмыс істейтін мамандар (дәрігерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженерлер және т.б.) жылдық 0,01% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит ала алады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 49 мыңға жуық азамат өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Бұдан басқа, “Отбасы банк” АҚ ЖАО-мен бірлесіп 2017 жылдан бастап жеңілдетілген ипотекалық кредиттеудің өңірлік бағдарламаларын іске асырып жатыр, олар бойынша бүгінде 9,8 мыңға жуық азамат жеке тұрғын үй сатып алған болатын.

Сондай-ақ “Отбасы банк” ауылдық жерлердің және аудан орталығы тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында а.ж. маусым айынан бастап “Асыл мекен” бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде салымшылар бастапқы жарнасы 10% болатын жылдық 5% жеңілдетілген ипотека ала алады. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап банк салымшыларына 1,3 млрд теңгеге несие берілді.

“Отау” және “Наурыз” бағдарламалары аясында ауылдарда және аудан орталықтарында тұрғын үй сатып алатын азаматтарға салынып жатқан тұрғын үй болмаған жағдайда екінші нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Өзгелердің жаңалығы