Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? - министрлік жауабы

12 Қараша 2024, 11:35
514
Бөлісу:
Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? - министрлік жауабы
Фото: BAQ.KZ архив

Елімізде алдағы жылдары дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін бе? ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты Департаментінің директоры Жандос Әділхан жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрлік өкіліне "Елімізге дәрі-дәрмектер шетелден жеткізілетіні белгілі. Оның ішінде Ресейде бар. Қазір көрші ел санкция астында. Соңғы уақытта дәрінің бағасы көтеріліп жатыр. Алдағы уақытта дәрі тапшылығы болуы мүмкін бе? Алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?" деп сұрақ қойды.

Қазіргі таңда барлық сыртқы елдерден келетін дәрі-дәрмектер сарапталады. Соның ішінде тек Ресейден ғана емес, басқа мемлекеттерден  де келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Ресейдің санкциялары кесірінен еліміздегі дәрі-дәрмек қоры азаяды деп тұжырымдау ойға қонымсыз деп айтуға болады. Қажетті дәрі- дәрмектерге министрлік тарапынан сатып алу жүргізілуде, - дейді Жандос Әділхан үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде 7 мыңға жуық дәрі-дәрмектің түрі бар екенін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы