Все новости за 30 мамыр 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақсу зауытында ыстық суға күйіп қалған машинист қыз қайтыс болды
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс үстінде екі бірдей кран машинисі күйіп қалған болатын. Оның бірі үйіне жіберілсе, екіншісі ауыр жағдаймен ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда мейрамханадан өрт шықты
Атырау құтқарушылары қала мейрамханаларының бірінде өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа 10 мың теңгелік банкнота айналымға шығады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері кездесті
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына келген ресейлік әріптесімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 4 мыңнан астам фактісі анықталды
Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер тұрақты негізде алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді.
-
Асанова: Ерні мен таңдайында дерті бар балаларды жан-жақты қолдау шараларын енгізуі керек
Мемлекет ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар балаларды жан-жақты қолдау шараларын енгізуі керек. Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында осы дертті емдеу және оңалтуда балалар тап болатын проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жазда қала маңындағы бағытта қосымша екі электр пойызы қатынайды
Ұлттық тасымалдаушы жаз мезгілінде жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты қала маңындағы бағытта қосымша маусымдық №457/458 «Семей-Шар» және №459/460 «Өскемен-Ақтоғай» электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бразилияда тасқын салдарынан шаруалар шығынға батты
Бразилияда алапат тасқын кесірінен шаруалар шығынға батып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 11 жолаушы жарақат алды
"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру дәрежесін айқындау қажет – Әйткенов
Өнеркәсіптердің қоршаған ортаны ластауынан қорғауда санитарлық-қорғау аймақтары шешуші рөл атқарады. Алайда, олардың қорғаныс міндетін толық жүзеге асыруға кедергі келтіретін проблемалар жүйесі бар. Сенатор Ернұр Әйткенов осы тақырыпта депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді
2024 жылғы 31 мамырда сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының e-qazyna.kz сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатор Жөргенбаев электр және газбен қамтамасыз ету проблемасын көтерді
Сенатор Жанболат Жөргенбаев өзінің депутаттық сауалында Алматы облысындағы елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету және газдандыру мәселесі туралы жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда аудиторлар 3 955 672,3 мың теңгеге бұзушылықтарды анықтады
Ағымдағы жылдың 4 айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 20 аудиттік іс-шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай
Бұл туралы ақпаратты Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жексенбай: Біз археологиялық жұмыстарды бақылаудың тиімді жүйесін жасауымыз керек
Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында табиғи апат пен бақылаудың аздығынан археологиялық ескерткіштердің жоғалу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Десантшыларымыз Беларусьте кәсіби сынақтың кезекті кезеңінен өтті
Теориялық емтиханнан кейін "Ерлік пен шеберлік" төсбелгісін тағу құқығын иеленуге үміткерлер келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 1 маусымнан бастап алғаш рет №55 айналмалы бағдары іске қосылады
Астана қаласында 1 маусымнан бастап алғаш рет №55 айналмалы бағдары іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.
-
Құлсары қаласының тұрғындары өтемақы алып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті
Құлсары қаласының тұрғындары баспаналарын жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары үшін өтемақы алып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Сенаторлар органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы заңды қарады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нысана көздеуден әлем кубогіне қатысатын құрама анықталды
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Германияның Мюнхен қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада Брусиловский көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Елімізде қанша жетім бала отбасында тәрбиеленіп жатыр
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан триатлоннан Олимпиадалық квотаның иегері атанды
Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жетісуда пандус салынбаған нысандар бар
Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатылмаған мекемелер жиі кездеседі. Арбамен қатынайтын тұрғындар кедергіге тап болуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау басталады
Астана қаласында 4 маусымнан бастап жаңа 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда топтарға жоспарлы қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Атырау облысында шомылу үшін қауіпті 70 учаске айқындалды
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша ТЖД-нің өкілі айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақсудың қызылшадан өнімі аз
Былтыр Ақсу ауданы тәтті түбірден облыс бойынша төмен нәтиже көрсетті. Яки, әр гектарынан 267 центнер өнімнен алған. Ал жалпы өңірде бұл көрсеткіш 431 ц/га құрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов Алматы облысының өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетімен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысының көлік-логистикалық және өнеркәсіптік әлеуетімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында ішкі туризм қашан дамиды?
Ақтөбе облысында туристік орындар жетерлік. Алайда жарнаманың аздығынан, сондай-ақ жайлы сервистің жоғыдан бұл сала кенжелеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне сертификаттар табыстады
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің су басқан аймақтарға жұмыс сапары Батыс Қазақстан облысында жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Тасқын су. "Қазсушардың" мамандары өз жұмыстарын жалғастыруда
Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
-
Блогер қыз-келіншектер қалай ақша табады
Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген. Бірі табыс көзіне айналдырса, енді бірі уақыт өткізу құралы ретінде пайдаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ертіс өңірінде 140 бизнес-жоба қолдау тапты
Павлодар облысында жыл басынан бері 140 жаңа бизнес-жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
ТЖД: Атырауда суға шомылу кезеңі маусым айының үшінші онкүндігіне ығыстырылды
Атырауда суға шомылу кезеңі маусым айының үшінші онкүндігіне ығыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл оқушыларына арналған “Мың бала” олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Астанада “Мың бала” ұлттық олимпиадасының қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді
Бұл туралы ақпаратты Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі
Алматыда ертең ТЖ кезінде жаппай құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционда сатылады
Әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы мен танымал қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар теннис добы қайырымдылық аукционына қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Ақтөбе облысында аудан түлектері емтиханнан босатыла ма?
Биыл Ақтөбе облысында мектеп бітіруші түлектер 25 мамыр-12 шілде аралығында ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
БАӘ-де жанармай құятын робот іске қосылды
Көлікке жанармайды робот құйып береді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ сілтеме жасап.
-
QazaqGaz бірлескен жобалар барысын талқылады
QazaqGaz, катарлық Power International Holding және North Caspian Operating Company-мен бірлескен жобалардың барысын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда полицейлер күмәнді сөмкелерді тексеру үшін екі шақыртуға шықты
Тараз полициясының “102” пультіне банктердің бірінің жанындағы орындықта күдікті сөмке тұрғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бектенов Қонаев пен Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында биыл орындалуы тиіс негізгі міндеттермен және Қонаев қаласын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ .
-
Пластикалық хирургияға жүгінетін әйелдер саны артты
Павлодар облысында пластикалық хирургияның блеферопластика және абдоминопластика қызметтеріне деген сұраныс артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Өңделмейтін қоқыстарды бей-берекет тастағандарға айыппұл салынады
Алматылықтардың өңделмейтін үлкен қоқыстарды – диван, есік сынды заттарын тұрғын үйдің маңайына үйіп жатқанын көреміз.
-
Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді
Күні бүгінге дейін көктемгі өр суы Ақжайық ауылына көп көлемде келген болса, бүгінде су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
"Бөлінген миллиардтар мәселені шешпеген". Текелі тұрғындары лай су ішіп отыр
Тұрғындардың айтуынша, орталықтандырылған құбырдан келетін ауызсу кір жууға жарамайды. Олар лай суға ақы төлеуге қарсы. 30 жылдан бері мәселе әлі шешілмей келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО құтқарушылары отпен күресіп жатыр
Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысуға өтінім беру жеңілдейді
"Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтар үшін электронды ақпараттық жүйе әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.
-
Оқушылар "Демалыста кітап оқимыз" республикалық челленджін бастады
Қазақстандық оқушылар "Демалыста кітап оқимыз" республикалық челленджін бастады, деп хабарлайды BAQ.K
-
300-ге жуық алматылық жаңа пәтер кілтін алды
Алматыда тағы 164 отбасыға жалға берілетін пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Үкіметте ірі газ жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.
-
Екатерина Шабалина Париж олимпиадасы лицензиясының иегері атанды
Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
11 мыңнан астам бала арнаулы әлеуметтік қызмет алады
ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде балаларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған шараларды жетілдіру туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды
Елімізде жұмыс істейтін әйелдер жүктілікке және босануына байланысы қанша теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады? ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина оның алгоритмін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға қанша теңге төленеді
ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жайлы мектеп. Бектенов Алматыда жобаның іске асырылу барысын тексерді
Олжас Бектенов Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Екпінді ауылында 20 метрлік Ту тұғырға қонды
Алакөл ауданына қарасты Екпінді елді мекенінде 20 метрлік Мемлекеттік Ту тұғырға орнатылды. Ауыл түлектері елдігімізді насихаттау мақсатында осындай сый жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға қосымша ақы беріледі
Бүгін Сенат отырысында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы мақұлданды,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде неше жетім бала отбасында тәрбиеленіп жатыр
ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова жетім балалардың отбасында тәрбиеленгені маңызды екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда балалы отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі
ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина балалы отбасыларға қандай қолдау көрсетілетіні жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайда криптовалюта ісі бойынша үкім шығарылды
Қаржылық мониторинг агенттігі арнайы рұқсатсыз заңсыз крипто айырбастаумен үндескен кәсіпкерлік қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Ата-аналар мен педагогтерге арналған тағы бір бағдарлама әзірленіп жатыр
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 6,8 млн бала бар
Елімізде балалары саны - 6,8 млн. Бұл туралы “Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер” тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды
Қазақстандықтарға "Моя прекрасная няня" сериалы арқылы танымал болған ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.
-
Бағдат Мусин АҚШ-қа кетті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин отбасымен АҚШ-та жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны. Атыраудың қауіпті аймақтағы ауылдарына 350 техника тартылды
Атырауда қауіпті аймақтағы ауылдық округтерде 350 техника жұмыс жасауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы мәслихатында қала көшелерінің атауын өзгерту жайлы шешім қабылданды
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар қаланың бірнеше көшесінің атауын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан ДДҰ елдерін МСАК бойынша жаһандық коалицияға шақырады
Женевада ДДҰ-ға мүше 190-нан астам мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының (ДДА) 77-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Антикор медицина университетінің ректорын ұстады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Органикалық өнімдер арнайы таңбаланады
Бүгін Сенат отырысында «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті
Сенат Жоғарғы сот судьясын лауазымынан босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. СҚО-да бүлінген үйлерді тексерудің қорытындысы шығарылды
СҚО-да зардап шеккен үйлерді тексерудің алдын ала қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сот жүйесінде бюджет қаражаты қалай бақыланып жатыр
Сот әкімшілігінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алмалы маңындағы суды Жайыққа бұру жұмыстары жүргізілуде
Алмалыда жайылмаға шыққан өр суын Жайық өзеніне қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ жедел штабқа сілтеме жасап.
-
Құрманғазы оркестрінің директоры: Қынжылтатын жайт – жеке солистеріміз жоқ
Ғасырмен үндескен ұлттық оркестр бабадан аманат болып қалған дәстүрлі музыка өнерін көздің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге дейін халық жүрегіне жеткізіп келеді. Мерейлі мерейтойға орай Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышевпен сұхбаттасты.
-
30 мамырға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 30 мамырға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөлде қияр пісті
Жанама ауылында жылыжайлар жеміс бере бастады. Бұл Алакөл ауданындағы ең бірінші өнім берген арнайы бау-бақша орталығы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда ірі шаруашылыққа жерді заңсыз берген бөлім басшысы сотталды
Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Атырауда қауіпті аймақтарда тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған
Атырау қаласында шаруа қожалықтардың 3120 гектар аумағы суда қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мальдив аралдарында қауіпті дерт таралып жатыр
АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Мальдив аралдарының Мале және Хулхумале аймақтарында чикунгуния дертінің өршіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өнеркәсіп орындарында әрекет еткен қылмыстық топтар ұсталды
ІІМ өңірлердегі өнеркәсіп орындарына криминалитет өкілдерінің ықпалын болдырмау, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Үкімет Парламентке Түркістан қаласына қатысты заң жобасын ұсынады
Үкімет Парламентке Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау: Жайықтағы су деңгейі 8 см-ге дейін төмендеді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өңірдегі су деңгейі бойынша соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын қазақстан құрамасы анықталды
Велоспорттан Алматыда өтетін Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда құтқару жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт көз жұмды
Атырауда су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары кезінде 23 жастағы азамат қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық қорғаныс университетінде Түркияның әскери білім саласының өкілдері бас қосты
Астанадағы әскери жоғары оқу орнына Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры доктор Эрхан Афионжудың басшылығымен түрік делегациясы барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігер: Қазір көп дерттің асқынуына стрестік жағдай себеп болып отыр
Қазіргі таңда симптомсыз, яғни ешқандай белгілерсіз пайда болатын дерт түрі көбейіп барады. Сол үшін денсаулығыңызды үнемі назарда ұстап, тіпті еш жеріңіз мазаламаса да, тұрақты түрде тексерістен өтіп тұрудың маңызы өте зор, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мексикада қала мэріне кандидатты атып кетті
Мексиканың Коюка-де-Бенитес қаласының мэріне кандидат Хосе Альфредо Кабрера Баррьентосты сайлауалды науқандағы митинг кезінде атып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ El Universal-ға сілтеме жасап.
-
Бүгін бірнеше қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Синоптиктер 30 мамырда еліміздің қалаларындағы метеожағдайға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Исландияда жарты жылда бесінші рет жанартау атқылады
Исландияда желтоқсан айынан бері бесінші рет жанартау атқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газада 36 мыңнан астам палестиналық қаза тапты
Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 36 171 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанда 50 градусқа дейін аптап ыстық болды
Үндістан астанасы Делиде соңғы уақыттағы ең жоғары рекордтық температура тіркеліп, сынап бағанасы 49,9 градусқа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде алғаш рет бүйректі айқас трансплантаттау отасы жасалды
Елімізде алғаш рет А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен ересек пациенттерге бүйректі айқас трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх