Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды

30 Мамыр 2024, 12:42
18896
Бөлісу:
Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды
Фото: pixabay.com

Елімізде жұмыс істейтін әйелдер жүктілікке және босануына байланысы қанша теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады? ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина оның алгоритмін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жабагина атап өткендей, елімізде жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан бірреттік төлемдер тағайындалады.

Биыл мұндай төлемді 285 мыңнан астам ана алады. Төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты болады. 4 айдың қорытындысы бойынша бұл төлемді 90 мыңнан астам адам алды, - деді Еңбекмині өкілі дөңгелек үстелде.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жеңіл босанған жағдайда декреттік демалысқа 126 күн беріледі. Атап айтқанда, босанғанға дейін 70 күн (жүктіліктің 30-аптасында) және босанған соң 56 күн деп есептеледі.

Жүктілік және декреттік демалысқа төлемдерді қалай есептеу керегін мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы