Газада 36 мыңнан астам палестиналық қаза тапты

30 Мамыр 2024, 02:27
369
Бөлісу:
Газада 36 мыңнан астам палестиналық қаза тапты
Фото: aa.com.tr

Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 36 171 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, израильдық әскер Рафах қаласы мен Газа секторының солтүстігіндегі денсаулық сақтау жүйесін әдейі талқандап жатыр. Бұл туралы Газа секторындағы палестиналық денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылған.

Өткен тәуліктің өзінде израильдық әскер 75 палестиналықты өлтірген. Сонымен қатар тағы 284 адам түрлі дене жарақатын алған, - делінген хабарламада.

Бүлінген ғимараттардың астында және жол бойында қаза тапқандардың денесі жатыр. Жедел жәрдем бригадасы мен азаматтық қорғаныс күштері оларға кедергілердің салдарынан көмек қолын соза алмай отыр.

Сонымен қатар Тель-эс-Сұлтан ауданында орналасқан перзентханаға да шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Газадағы жаралыларға көмек көрсетуге қауқарсыз болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы