Павлодарда ірі шаруашылыққа жерді заңсыз берген бөлім басшысы сотталды

30 Мамыр 2024, 09:20
217
Бөлісу:
Павлодарда ірі шаруашылыққа жерді заңсыз берген бөлім басшысы сотталды
Фото: pixabay.com/ru

Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ертіс ауданында прокурорлық тексеріспен ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды.

Оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған.

Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты босалқы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған.

Осындай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді. Сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында.  ауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Биылғы жылдың 22 мамырында сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп атап өтті Павлодар облысының прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы