Все новости за 14 шілде 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстандық кен орны көмір өндіру бойынша рекорд орнатты
Бүгінде кәсіпорын санитарлық-карантиндік талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.
-
Оралда тағы бір стационар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 150 орынға есептелген провизорлық стационар облыстық көпбейінді аурухана базасында жақында салынған 2 корпуста ашылды.
-
Түрксібтің 90 жылдығына қатысты викторина басталды
1-орын үшін жеңімпаз 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін кез келген күнге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барып және кері қайтуға "Тальго" коммерциялық пойыздарының "Гранд" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік алады.
-
Түркістандағы ерекше мурал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жас облыс орталығында адалдық құндылығына негізделген "Әділ сөйлеп, адал жүр" атты жаңа мурал салынды.
-
Жамбыл жолдарының 320 шақырымы жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Жамбыл облысында жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылатын болады. Мұнда автомобиль жолдары саласында 20 жоба жүзеге асырылуда.
-
Жапония Қазақстаннан жылқы етін сатып алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық жылқы мен жылқы етін экспорттау үшін Жапония нарығын ашты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Генерал-майор Әмірбек Тоғысов өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 14 шілдеде отставкадағы генерал-майор Әмірбек Әнуарұлы Тоғысов 71 жасқа келген шағында дүниеден озды.
-
“Қарасора-2020”. Меркі тұрғынынан 16 келі марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меркі ауданының тұрғынынан 16 келі марихуана тәркіленді.
-
Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы таныстырылды.
-
Биыл елімізде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 8%-ға өсті. Тоқыма бұйымдарының өндірісі 8,4%-ға, былғары өнімдері 6,6%-ға және киім өндірісінде 2,1%-ға өсім байқалады.
-
Атырауда тексеруден өткен 500 нысанның 300-ден астамы карантин талабын сақтамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тексеру көрсеткендей, кейбір бизнес құрылымдар тараптарынан карантин талаптары сақталмағаны анықталды.
-
Түркиядағы қандастар Қазақстанға көмек жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін астана уақытымен сағат 02:30-да Түркия мен Еуропадағы қандастар бірігіп ұйымдастырған гуманитарлық көмек Қазақстанға келіп жетті.
-
Қызылордалық диқандар сусыз қалу мүмкін – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы шілде айының аяғында Қызылорда облысының күріш дақылдары судан қалады, деп дабыл қағып отыр.
-
Қытайдан келген маскаларда коронавирустық инфекция бары рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмекке келген маскалардан коронавирустық инфекция жұқтыратындығы туралы аудиожазба тараған болатын.
-
Елордада халық көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
-
Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады.
-
Ақтауда зейнеткерлерге тегін дәрі таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда кәсіпкерлердің қолдауымен Ресей Федерациясы Астрахан қаласынан дәрі-дәрмектерді жеткізу жұмыстары жүргізілді.
-
Биыл еліміздегі жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 8%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
-
ЮНИСЕФ еңбек мигранттарына көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан мен Тәжікстанның жүзден астам азаматы қазір Қазақстанның Өзбекстан тарапындағы шекарасында тұр, деп хабарлады БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі.
-
Жұмыспен қамту: Шиелі ауданында 21 жоба іске асуда
Қызылорда облысы Шиелi аyданында "Жұмыспен қамтyдың 2020-2021 жылдаpға аpналған жол каpтасы" аясында 21 жоба жүзеге асырылып, 752 жұмыс орны құрылады деп жоспарланyда.
-
Білім грантына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі карантин режимі жағдайында талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін БҒМ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Бiлiм және ғылым министрлігі.
-
ШҚО-да 14 ауыл мектебі қайта жөндеуден өтеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Марқа өңірінде орналасқан 14 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өткізіледі.
-
Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аса маңызды – Атшабаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік бағдарлама алдағы 10 жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Бұл тиісті қаржыландыруды, оның ішінде, мысалы, су нысандарын қалпына келтіруді, суару жүйесінің құрылысын қамтамасыз етеді деді Қазақстанның су шаруашылығы қауымдастығының президенті Нұрлан Атшабаров.
-
Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
-
Атырауға Астраханнан дәрігерлер көмекке келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау Астраханнан келетін дәрігерлерді күтіп алуға дайын, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Павлодарда сотталғандар провизорлық госпитальдерді жабдықтауға көмек көрсетуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі түзеу мекемесінің сотталушылары провизорлық госпитальдерді жабдықтауға көмектесуде. Павлодар қаласының пробациялық қызметінің есебінде тұрған азаматтар сот үкімімен тағайындалған қоғамдық жұмыстарын атқаруда.
-
Биыл ШҚО-да 100 көше орташа жөндеуден өткізіледі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс өңіріндегі елді мекендерде 6 жол қайта жаңғыртылып, 100 көше орташа жөндеуден өтеді.
-
Қоғамдық бақылау: "Вирус добра" акциясына әрбір қазақстандық атсалыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі "Атамекен" ҰКП бірлесе отырып "Вирус добра" республикалық акциясын бастады.
-
Мемкіріс комитеті әуежайдағы Түркиядан әкелінген аппараттарға қатысты жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде "Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр" деген видео тарады.
-
Қытайдан гуманитарлық көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады.
-
Борышкерлер іс қозғалғаны туралы ақпаратты SMS арқылы алатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді борышкер ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы туралы, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтерді алатын болады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Жұмыс істеп жүрген қызметкері 42 500 теңгеге өтініш берсе, бастығы жауапқа тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шілде айында 42 500 теңгеге өтінішті тек жұмыс беруші бере алады. Егер жалған мәлімет ұсынса, жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
Әлеуметтік төлем тағы кімдерге төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шілдеде карантин шараларына қатысты әлеуметтік төлем тағы кімдерге төленетінін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.
-
11 айдан бері комада жатқан Асқар Ғазизовқа көмек керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Асқардың анасы Мәкім Шәмелова Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
"Үйге баруға қорқамыз" деген дәрігер жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды.
-
42 500 теңге автоматты түрде тағайындала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында жауап берді.
-
Жұмыс берушілер, қызметкерлер туралы мәліметтерді жинай беріңіздер – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс берушілерден әр азаматтың ақысыз демалысқа кеткен азаматтардың ЖСН, банк есепшотын әзірлеу берулерін сұраймыз, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында.
-
42 500 теңге. Төлемді алу ережелері қалай өзгереді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Министр 42 500 теңгенің қашан төленетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Павлодарлық волонтерлар провизорлық госпитальдерге көмек көрсетуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің еріктілері аймақтағы провизорлық госпитальдердің сұранысқа ие құрал-жабдықтармен қамтуды қолға алған. Медициналық мекемелерге қолдау көрсеткендердің қатарында жергілікті кәсіпорындар да бар.
-
"Бәріміз де өлеміз" деп вайн түсірген Кенталды полиция ұстап әкетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық Полиция департаменті әнші Талғат Кенжеболатовты (Кентал) не үшін ұстағанын мәлімдеді.
-
Елтайдағы бес отбасы жаңа баспаналарының кілтін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Атырау облысынан Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 5 кандидат тіркелген. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен оны өткізу жұмыстары бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Айтуларынша, кейбір үміткерлер құжаттарын толық тапсырғанмен, кейін кандидаттықтан алып тастауға өтініш жазған.
-
Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.
-
Журналист Элла Цой өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ телевизиясының даму жолында аянбай тер төккен журналист, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Элла Цой қайтыс болды.
-
Мектеп формасын кию талап етілмейді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, ұқыпты, классикалық киіммен келуге болады, деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында.
-
Мемлекеттік сатып алуға қатысатындар салықты дұрыс төлемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың үштен бірінен салық бұзушылықтары анықталады. Бұл туралы Мемлекеттік кіріс істері комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.
-
Мектепте әзірше тамақтандыру болмайды – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Оқу процесін ұйымдастыру туралы" онлайн брифингі барысында айтты.
-
Бұл мәселенің шешімі әлі табылмай келеді: Министр Маминнен 1 айда шаруасын реттеп беруді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Премьер-министрден әкімдіктерге бір ай ішінде заңсыз қоқыстарды жоюды тапсыруды сұрады.
-
Әйелдердің құқығын бұзу қоғам үшін қалыпты іс болып тұр – НеМолчи.kz
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мемлекеттен бір тиын алмай, қоғамға үлес қосып жүрген ұйым бар. "Рухани жаңғыру" құқықты білгеннен басталса керек. Жұмыс істеген 4 жыл ішінде 4 адамнан тұратын қозғалыс 52 адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына себепкер болды. Жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық - күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Осы тақырып аясында "НеМолчи.kz" зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының жетекшісі Дина Смайыловамен әңгіме өрбіткен едік.
-
COVID-19. Жыл соңына қарай өлім-жітім саны СПИД-тен асып түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін әлем бойынша АҚТҚ, безгек, кісі өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына қарағанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артады.
-
Елімізде 21 балаға бір компьютерден келеді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің алдымызда тұрған негізгі мәселе – бес балаға бір компьютерден келуі керек деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Ол бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Оқу процесін ұйымдастыру туралы" онлайн брифинг барысында айтты.
-
Қазір өзара айып тағу мен есеп айырысатын уақыт емес – Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram парақшасында бұл індет бір ұлттың ғана емес, бүкіл адамзаттың көңілін құлазытып отырғанын айтып, халықты бірлікке шақырды.
-
ШҚО-да жаз басталғалы бері 16 адам суға кетіп көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста жыл басталғалы бері 28 адам, оның ішінде 6 бала суға кетіп көз жұмған.
-
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады. Әзірге өлім себебі айтылмады.
-
36 мыңнан астам компьютер сатып алынды – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Оқу процесін ұйымдастыру туралы" онлайн брифингі барысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Өкпені желдету аппараттарының өндірісі жолға қойылуы мүмкін – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік инвесторлары Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін жолға қоюы мүмкін, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын тексеріп, арнайы штаб отырысын өткізді.
-
Бастауыш сыныптарға қатысты: Уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Оқу процесін ұйымдастыру туралы" онлайн брифинг барысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Әлемде коронавирустан 3000-нан астам дәрігер қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Amnesty International" ұйымы қайтыс болған үш мың медицина қызметкері туралы ақпарат таратқанымен, бұл көрсеткіштің шектен тыс төмендетілгенін айтады.
-
Бақилық болған ақпарат саласының майталмандары
Нұр – Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыған дейін "Ажал құшқан жаңалық жаршылары" атты материал әзірлеген едік. Бір апта ішінде індеттен көз жұмғандарды тағы бір еске алуды жөн көрдік.
-
Мамин карантиннің 2 тамызға дейін созылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда карантин 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.
-
ДДСҰ: COVID-19-бен күресте бірқатар ел дұрыс бағыт таңдамады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің көптеген елінде COVID-19-бен күрес дұрыс ұйымдастырылған жоқ. Бұл туралы 13 шілде күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді деп жазды korrespondent.net.
-
АШМ басшысы Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрлікке қарайтын Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынды.
-
Мамин шілде айындағы 42 500 теңге кімдерге берілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин 42 500 теңге жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде төленетінін айтты.
-
Бірінші тоқсанда мектеп оқушылары қашықтан оқиды – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында айтты.
-
Парасатты елдің паспорты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ елінің қастерлі құжаты Ата заңымыз биыл өзінің 25 жылдық мерейлі белесіне шығып отыр.
-
Мемлекеттік органдардың шығындары қысқарады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
-
Досаев енді 1 трлн теңгеге бағалы қағаздар шығарумен айналыспақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан 1 триллион теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаратынын айтты.
-
Досаев инфляцияны қанша пайыз көлемінде ұстап тұратынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% көлемінде ұстап тұру үшін ақша-кредит саясаты жүргізілетінін айтты.
-
Министр бизнеске қандай көмек көрсетілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында бизнесті қолдаудың тетіктері қалай жүзеге асырылатынын айтты.
-
Ұлттық қордың трансферті тек қана әлеуметтік мәселелерге бағытталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қатаң бюджет тәртібін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда кепілдендірілген трансферттердің нысаналы сипаты айқындалатын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтты.
-
Министр дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
-
1721 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1721 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр - Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
-
Цой бірінші тоқсандағы сабақты қашықтан оқуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1700-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
-
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61755-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1856 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
COVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар саны 13 млн-нан асты
Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 13 млн-нан асты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
-
Сенат депутаттығына жүзге жуық үміткер тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының сайлауына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Әзірге 94 азамат жоғары палата депутаттығына үміткер.
-
14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, деп болжайды синоптиктер.
-
Дәрі бағасын dari.kz қосымшасы арқылы тексеруге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында да дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттау фактілері жиілеген. Әсіресе дене қызуын басатын препараттар мен антибиотиктердің құны шарықтап тұр, деп хабарлайды "Хабар24".
-
Маңғыстауда "Бобров" аппаратының баламасы әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда мұнай компаниясының инженерлері Бобров аппаратының баламасын құрастырды. Нәтижесі тиімді болғандықтан, мекеме мамандары 100 құрылғы дайындауға кірісті.
-
Жамбылдық азаматтан 110 түп марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қарасора-2020" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында 59 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютінде қанша қаражат тапты?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттағы қаражат туралы Sportekz.com блогы UFC 251 турниріне қатысқан файтерлердің гонорар сомасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Express.co.uk басылымына сілтеме жасап.
-
Қытаймен шекаралас Вьетнам елі коронавирусты қалай ауыздықтады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халқы тығыз орналасқан әрі Қытаймен шекаралас Вьетнамда коронавирус жұқтырғандардың өте аз болуы таңғаларлық жағдай.
-
Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда бес кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды. Олар локдаун режимі кезінде астыртын жұмыс істеген.
-
Әскерилер індет құрбандарын үнсіздікпен еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні.
-
Дәріні алып-сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында астыртын дәрі-дәрмек сату дерегі анықталды.
-
Павлодар облысының басшылығы коронавирус құрбандарын еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңір әкімшілігі бүкіл Қазақстан бойынша жарияланған бір минуттық үнсіздікке қатысты.
Наверх