ЮНИСЕФ еңбек мигранттарына көмек көрсетті

14 Шілде 2020, 19:12
1618
Бөлісу:
ЮНИСЕФ еңбек мигранттарына көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан мен Тәжікстанның жүзден астам азаматы қазір Қазақстанның Өзбекстан тарапындағы шекарасында тұр, деп хабарлады БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі.

Еңбекші мигранттар шекаралардың ашылуын күтіп жатыр. Мигранттардың арасында жүкті әйелдер мен балалар да бар.
Біздің "Сана сезім" серіктесі ЮНИСЕФ және Еуропалық одақтың қолдауымен мигранттарға маскалар, антисептиктер, қолғаптар мен ауыз су жеткізді. Пандемия кезінде індеттітаратпау мақсатында уақытша шекаралар жабылған болатын. Бірақ дағдарысқа байланысты қабылданған шаралар ең осал топтарды қамтуы керек. Ең жақсы қорғаныс - барлық адамдарға қолдау көрсету, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы