11 айдан бері комада жатқан Асқар Ғазизовқа көмек керек

14 Шілде 2020, 16:05
2641
Бөлісу:
11 айдан бері комада жатқан Асқар Ғазизовқа көмек керек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Асқардың анасы Мәкім Шәмелова Instagram-дағы парақшасында жазды.

2019 жылдың 23 тамызы күні Асқар Ғазизов жұмысына әдеттегідей электросамокатпен бара жатқан еді. Тұтқиылдан кенеттен жүгіріп шыққан жаяу жүргіншімен соқтығысу салдарынан ауыр жарақат алып, күні бүгінге дейін комада жатыр.

Жаяу жүргінші Асқарды жол жиегіне сүйреп алып барып, ізін суытқан. Ес-түссіз жатқан ер адамды қасынан өтіп бара жатқан қыз көріп, жедел жәрдем шақырған. Асқар ауруханаға ауыр дәрежедегі бас сүйек-ми жарақатымен және бас сүйегінің сынығымен түседі. Асқардың бас сүйегіне трепанация жасап, онда қалыптасқан гематоманы алып тастайды, алайда, содан кейін ол комаға түседі.

WhatsApp Image 2020-07-14 at 16.10.13.jpeg

11 айдан бері қалың ұйқыдан тұрмаған Асқар алғашқыда жансақтау бөлімінде және нейрохирургия бөлімінде төрт айға жуық уақыт өткізген. Одан кейін дәрігерлер пациентті үйге алып кетуге тура келетінін айтқан. 

Асқар отбасындағы жалғыз асыраушы еді. Апатқа дейін ол "Астана" телеарнасында дизайнер болып қызмет еткен. Жұбайы Асылжан бала күтімімен декреттік демалыста отыр, ал ата-анасының екеуі де зейнеткер.

Қиын жағдайға түскен отбасы өздеріндегі бар қаражатты алғашқы айларда-ақ бітірген. Сол себепті қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүр. Барлық жиналған қаражат медициналық жабдықтар мен препараттар сатып алуға жұмсалады.

WhatsApp Image 2020-07-14 at 16.10.14.jpeg

Біз зейнеткерміз, біздің қосымша табысымыз жоқ. Жұмыс беруші Асқарға жол-көлік оқиғасынан кейін бір жолғы жәрдемақы төледі. Бірақ оның жұмыс орнын сақтамады. Сондықтан, біз Асқарды емдеуге және қалпына келтіруге қаражат жинауды жалғастырудамыз. Ұлымның денсаулығына күнделікті күтім жасау қаржылық салмақты талап етеді. Бір айда Асқарды оңалтуға бір млн теңгеден кетеді, оған күн сайын медқызметкердің төлемі, гастростома арқылы теңдестірілген медициналық тамақтану және реабилитолог қызметі кіреді. Сондай-ақ, біз арнайы құралдар мен оңалтуға арналған құрылғылар, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуымыз қажет, - дейді анасы Мәкім апа. 

Асқардың анасы ұлын қарату мақсатында Мәскеудегі оңалту орталығына хабарласқанын айтты. 

Карантин кезінде олар оңалту шараларын қашықтан жүргізеді. Карантин алғаннан кейін стационарда емделуі мүмкін және Асқарды Мәскеуге тасымалдау қажет болады. Осының бәріне қаражат қажет. Өз қаражатымызбен несиеден бөлек, қиын уақытта бізге ағайын-туыс пен достарымыз көмектесті. Қазір Асқардың жағдайы оңалып келеді. Ол өз бетінше дем алады, - дейді ол. 

Бүгінде Асқардан түрлі катетерлер алынып тасталды және реабилитологпен жұмыс істегенде, ішінара реакция басталды. Алайда, Асқардың миы әлі оянған жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, оңалту және қалпына келтіру үдерісі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы