Мамин шілде айындағы 42 500 теңге кімдерге берілетінін айтты

14 Шілде 2020, 10:37
4971
Бөлісу:
Мамин  шілде айындағы 42 500 теңге кімдерге берілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин 42 500 теңге жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде төленетінін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі, - деді Асқар Мамин.
Ол Еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  
Атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді және карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін 3 айға автоматты түрде ұзартуды тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, Тоқаевтың тапсырмасымен республикада карантин тағы екі аптаға ұзартылған еді. Сонымен қатар, Президент мұқтаж жандарға Үкімет шілде айында 42,5 мың теңге төлейтінін айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы