42 500 теңге. Төлемді алу ережелері қалай өзгереді?

14 Шілде 2020, 15:20
2522
Бөлісу:
42 500 теңге. Төлемді алу ережелері қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да айтты.

Министр 42 500 теңгені беру ережелері бойынша бейсенбі күні пысықталған тетіктер туралы толық ақпарат беретінін айтты. 

Қандай өзгерістер болуы мүмкін? Бүгінгі жағдайларды ескеруге мәжбүрміз. Төтенше жағдай кезіндегіге қарағанда кейбір нысан жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттық, құрылыс шаралары шектеулердің енгізілуімен жұмыс істеп жатыр. Әр өңірде сол өңірдің бас санитариялық дәрігерлері сол облысқа қатысты ғана шектеулер орнатып жатыр. 1 сәуірден бастап, біраз салада жұмысшылар үшін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік жарналарды төлеуден босатылды. Біз сол жарналар арқылы біздің қадағалау мүмкіндіктеріміз шектеліп отыр, - деді министр. 

Министр жалдамалы жұмысшыларға қатысты өзгерістерді атап өтті. 

Біз жұмысшылар үшін зейнетақы жарнасы, әлеуметтік жарнаны төлеу туралы талап қоймаймыз. Өткен жолы 12 айда бір төлем болу керек деген талап қойылды. Бұл жолы ондай талап қойылмайды. Себебі, оның мағынасы жоқ. Жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті тек қана жұмыс берушісі береді. Ол ақысыз демалысқа жіберілгені туралы растап, өз жұмысшыларының атынан тапсырыс береді. Осы күндері оларға ыңғайлы сервис жасаймыз. Қызметкерлер тізімін енгізу мен мәлімет енгізу тетіктері болады. Жұмысшылар жұмыс берушінің өтінім беруі туралы ақпаратты өздері кіріп қадағалайтын сервис жасаймыз, - деді ол.
Бұған дейін Еңбек министрі 42 500 теңге көлеміндегі төлемнің қашан төленетінін айтты.
Өзгелердің жаңалығы