Все новости за 30 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
КарЛагтағы Мамочкино моласында мемориалдық кешен пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамочкино моласында жаңа ескерткіш пайда болады және оның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін жобаны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мақұлдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Таразда бес қабатты үй өртеніп жатыр
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараз қаласындағы «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18 үйдің шатырында өрт шықты. Қазіргі таңда толығымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
-
Павлодар облысында кәсіпкерлер оқушыларға жұмыс орнын ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еrtіs – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі білім беру басқармасымен бірлесіп, өскелең ұрпақты еңбекпен қамту мақсатында «Adal tabys» акциясын бастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Елордаға Түркістан облысының көкөніс өнімдері жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Елордада салалық терминология мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар терминологиялық қорды толықтыру қажеттілігіне тоқталды.
-
ШҚО-да 1 маусым күні балалар қалааралық автобустарда тегін жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 1 маусым күні балалар қалааралық автобустарда тегін жүретін болды. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
-
Атырауда балаларға қамқорлық жасалды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. 1- маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, Атырау облыстық дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
-
Ақтөбенің емдеу мекемелері 93 млн теңгеге шығындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 93 млн теңгеге кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Талдықорғанда жыл басынан бері 115 үй тоналған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстың басым бөлігі көп пәтерлі үйлерде болады. Енді тәртіп сақшылары жергілікті әкімдік және жеке пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен бірлесіп мәселені бір жақты шешуге күш салмақ. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
-
Алматыдағы сауда орталығынан 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығудың мақсаты-адамдар көп жиналатын жердегі өртті сөндіру кезінде Алматы өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының дайындық деңгейін анықтау және өрт шыққан жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттерін бағалау.
-
Қарағанды облысында 4 өрт сөндіру бекеті ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жыл соңына дейін тағы 4 өрт сөндіру бекеті құрылады. Бұл туралы брифинг барысында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
-
Елордада балалар жарақатының алдын алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы 26-31 мамыр аралығында өткізіліп жатқан Балалардың оқыс жарақаттануының алдын алу апталығы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жетісайлық алғашқы қарбыздар экспортқа шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданы Жайлаукөл елдімекенінің диқаны қарбыздың алғашқы 40 тоннасын Ресейдің Новосібір қаласына жөнелтті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Қызылордада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жеңімпаздары жастармен кездесті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қызылордалық жастармен кездесті.
-
Түркістан облысының Төлеби ауданында 6 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төлеби ауданында мектеп жетіспеушілігіне байланысты халқы тығыз орналасқан елдімекендерде 6 білім ұясы салынады. БАҚ өкілдері жаңадан бой көтеріп жатқан Киелітас ауылындағы «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
-
Жамбыл облысында бапкер бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру фактісі анықталды.
-
Қайым Мұхамедқанов Алаштың рухымен өмір сүрді – қызы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қайым Мұхамедқановты Алаштың соңғы тұяғы деп текке айтпайды. Ол Алаштың рухымен өмір сүрді, солардың есімдерін мәңгі сақтау жолында көп қуғындалды. Бұл туралы ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедқановтың қызы Дина Мұхамедхан Алматыда өткен конференция барысында айтты.
-
Жастарға жұмыс: Шымкентте сұранысқа ие мамандықтар анықталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға арналған Prоfеssiоnal жобасы аясында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің кездесуі өтті. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған кездесуде жұмыс ұсынушылар жастарға өз кәсіпорындары туралы мәлімет берді.
-
Президент Абайдың мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылдады.
-
Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін қарағандылық 86 көпбалалы отбасы пәтер кілттеріне ие болып, қоныс тойын тойлауда.
-
30 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары В.Сошниковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.
-
Репрессия кезінде тек атылған адам саны 150 мыңдай – Әзімбай Ғали
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали Алматыда өткен конференцияда қазір Қазақстан билігі ашаршылық, геноцид мәселесін халықаралық ұйымдар арқылы көтеріп жатқанын, бұл құптарлық жағдай екенін айтты.
-
Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 31 мамырда Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
-
Өскеменде қоныс колониясы қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған «Балалар біздің болашағымыз» акциясы барысында қоныс колониясының қызметкерлері «Үміт» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.
-
Қостанайда 99 отбасы пәтер кілтіне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан Ипотекалық Компаниясы кезекте тұрғандарға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру» бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазпошта жаңа жобаларын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қазпошта» АҚ «Астана» хаб бөлімшесінде сервистік модель бойынша жүзеге асырылатын жобаларын таныстырды.
-
ШҚО-да көлік нөмірінің көшірмесі 15 күнде жасалады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісінің көшірмесін беру қызметі 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
-
Қарағандыда үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда «Үздік мемлекеттік қызметші» аймақтық байқауының алғашқы кезеңі өтті.
-
Репрессия 58 баптың енгізілуімен басталған – Тынысбек Қоңыратбай
Алматы, BAQ.KZ. Отбасымызда үш адам қатарынан репрессияға ұшырады. Репрессия 1937 жылдармен тоқтап қалмаған, ол 1950 жылдарға дейін жалғасқан. Бұл туралы ғалым, этнограф, филология ғылымдарының докторы Тынысбек Қоңыратбай «Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференцияда айтты.
-
Еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауып, дауыл соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жариялады.
-
Азаматтардың құқығы прокурорлардың ерекше назарында болуы тиіс – президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Петропавлда зауыт жұмысшыларының еңбекақы қарызы өтелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура шаралары арқасында «Зиксто» АҚ-ның жұмысшыларына еңбекақы төленді, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.
-
Қытайды зерттеу орталығында Назарбаев ұсынған «Үш Д» бастамасы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығында мемлекеттік органдардың, талдау орталықтарының, университеттер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейлі Екінші форумның маңыздылығы мен қорытындыларын талқылаған сарапшылар кездесуі өтті.
-
Балқашта 2018 жылдан бері іздестіріліп жүрген бүлдіршіннің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта Техснаб ауылында жоғалып кеткен 2 жасар Бекнұр Дриғұл 2018 жылғы қазаннан бері іздестіріліп жатқан болатын. Бүгін сүңгуірлер баланың денесін алып шықты, деп хабарланды Zakon.kz сайтында.
-
Түркістанда "Қасиетті шаһар – балалар көзімен" фотокөрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне орай "Қасиетті шаһар – балалар көзімен" атты фотокөрме өтті.
-
«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
-
1 маусымда балалар мен жастар музыкалық оркестрлерінің шеруі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл шеру тек облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда ғана ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Биыл Түркістанда заманауи перзентхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталық 2007 жылдан бері халық игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Облыстың орталығы болып халық саны артқан тұста перзентханада орын тапшылығын болдырмау мақсатында жуық арада қосымша жаңа ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Шымкентте 30 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің саны 50 мың отбасыдан асты. Қазіргі таңда олардың 30 мыңнан астамына атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дария Ордабаева хабарлады.
-
Жұртпен бірдей бол, тағы да қуғынға ұшыраймыз...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Анам «Жұртпен бірдей бол, тағы да қуғынға ұшыраймыз ба деп қорқам...» дейтін. Ол осы қорқынышпен өмір сүрді. Ол маған үйдің өртенуі, ақшаның ұрлануы мүмкін екенін, бірақ миымызда сақталған нәрсені ешкім алып қоя алмайтынын айтатын. Бұл «Депортациялар тариxынан. Қазақстан 1935-1945 жж» деректі жинағынан үзінді.
-
Елордада ерекше фестиваль өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» этномәдени шарасы және Жамбы атудан бірінші «Алтын жебе» Әлем чемпионаты өтеді.
-
Маңғыстау облысында 12 жасар балаға футбол қақпасы құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері балаға дереу операция жасалғанын айтты, деп хабарлады 24.kz.
-
«Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазына 25 млн теңге беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 36 үздік балуаны 8 маусымда «Қазақстан барысы» атағын алу үшін бәйгеге түседі. Бұл туралы Елорда Инфо жазды.
-
Нұр-Сұлтаннан Прагаға жаңа әуе рейсі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
-
Шымкентте "Жолың болсын, жас түлек" шарасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара Шымкент қаласының орталық «Aqmeshit» мешітінде өтті, деп хабарлады жемқорлықтың алдын- алу басқармасының баспасөз қызметі.
-
Отандық жеңіл атлеттер Халықаралық турнирден 18 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық матчтық кездесуінің бірінші жарыс күні аяқталды. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар 18 медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
-
Дәленов қарамағындағы қызметкеріне сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жұмыстан кететінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакупов 3 жылға сотталды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сот шешімі шығып, заң күшіне енген кезде жұмыстан шығатынын айтты. Бұл туралы Bnews.kz жазды.
-
Ақсуда көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысын 2019 жылдың шілде айында аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Балаларды қорғау күні елордада бірқатар мерекелік шара өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда 41 іс-шара өтеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының сайты.
-
Түркістан облысында пойыз құрастырылатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қытайлық «BYD» компания өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сарапшы: Теледебат – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағытын айқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауында президенттіктен үміткерлер арасындағы теледебат жайлы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина өз пікірін білдірді.
-
Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді.
-
Депутаттар Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының депутаттары Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін берді.
-
Елордада республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегелері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы осымен екінші рет өткізілді. Биылғы жылы да олимпиада 27-29 мамыр аралығында астанадағы NURORDA мектеп-лицейінде өтті. Бұл туралы ҚР БҒМ Баспасөз қызметі хабарлады.
-
Будапештте туристік катер суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрия астанасында Дунай өзені бойымен серуенге шыққан, ішінде 34 адамы бар катер аударылып, жеті адам суға кетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
-
Сарапшы: Теледебаттың мемлекеттік тілде өтуі – қоғамдық-саяси өмірдегі қазақ тілінің рөлін көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауында президенттіктен үміткерлер арасындағы теледебат жайлы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен өз пікірімен бөлісті.
-
Бала құқығы басты назарда болу керек
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Басқа түскен қиындықтардың əсерінен ерте жастан жұмыс істеуге мəжбүр жасөспірімдердің еңбек құқығы қалай қорғалған? Осы сауал аясында жыл сайын елімізде зерттеулер жүргізіліп, туындаған мəселенің алдын алу мақсатында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы ұйымдастырылады.
-
Өскемендегі автопатруль көліктері барлық арнайы құралдармен қамтылған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендік полицейлер алғашқы медициналық көмек құралдарымен толықтай қамтылған. Бұл жөнінде қалалық Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Даур Ибрев хабарлады.
-
Жамбылдық 45 отбасы еңбек нарығында сұраныс көп аймаққа қоныс аударды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында өткен аймақаралық жұмыс жәрмеңкесінде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының өкілдері жамбылдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынды.
-
Қарапайым заттар экономикасы: Шымкентте қандай жобалар қаржыландырылады?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» дамыту тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асатын жобалар нақтыланды.
-
Президент сайлауы – 2019. Қарағанды облысында 938 мың сайлаушы бар
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында 9 маусымдағы кезектен тыс ҚР президент сайлауына қатысатын сайлаушылардың тізімі жаңартылды.
-
Таразда гидропоника әдісімен жемшөп дайындау цехы ашылды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында «ҚазГидропоника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш рет небәрі жеті күннің ішінде жасыл шөп өсіріп шығарды.
-
30 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашын болмайды.
Наверх