Қарапайым заттар экономикасы: Шымкентте қандай жобалар қаржыландырылады?

30 Мамыр 2019, 09:10
1569
Бөлісу:
Қарапайым заттар экономикасы: Шымкентте қандай жобалар қаржыландырылады?
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» дамыту тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асатын жобалар нақтыланды. 

Бұлар қандай жобалар екенін Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков айтып берді. 

Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша барлығы 23 жоба қаржыландырылып жатыр. Соларды қаржыландыруға барлығы 12,8 млрд теңге беріледі. 

«Мұның ішінен «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша 1,3 млрд теңгені құрайтын 5 ауылшаруашылық жобасы қаржыландырылады. Сондай-ақ, 11,5 млрд теңге қайта өңдеу саласындағы 18 жобаны қаржыландыру Атамекен кәсіпкерлер палатасы базасындағы жобалық офис аясында ұсынылады. Аталған 5 ауылшаруашылық жобасының қатарында, «Байтерек АГРО» ЖШС-іне 400 млн теңге, «Ет өнімдері KZ» ЖШС-іне 250 млн теңге, «Амангелді» ЖШС-іне 200 млн теңге, «Алтынсай» шаруа қожалығына 200 млн теңге және «Алтын төбе» шаруа қожалығына 50 млн теңге беріледі. Ал қайта өңдеу саласында жалпы сомасы 11,3 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба қаржыландырылады. Бұлардың қатарында 3 млрд теңге алатын «Шымкент Май» ЖШС, 5,5 млрд теңге алатын «Алтын Дән» ЖШС бар. Осы орайда кооперативтер әлеуетін пайдалана отырып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемелерін арттыру мақсатында жоғарыда аталған бағдарлама аясында 8% жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіледі», - дейді Асқар Қаныбеков. 

Сондай-ақ, Асқар Қаныбековтың айтуынша, Шымкентте «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жобаларымен қосқанда барлығы 25,1 млрд теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұлардың қатарында ауылшаруашылық саласына қатысты бірнеше ірі жобалар бар. 

«Мәселен, 2 гектар аумақтағы жылыжай кешеніне көкөніс өндіретін «Колесников» ЖК-сіне 400 млн теңге, ал тағы бір жылыжай жобасы, яғни 2 гектар аумақтағы жылыжай кешенін салатын «Шарипов» ЖК-іне 600 млн теңге инвестицияланады», - деді Асқар Қаныбеков.

Өзгелердің жаңалығы